Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы” кафедрасы 1962ж құрылған. Бакалаврларды дайындау 5В072000 -"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы"(мамандандырулары "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы", "Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы", "Плазмохимиялық және электротермиялық үрдістердің технологиясы", "Мембраналық технология", "Ядролық-химиялық технология", Электрохимиялық өндірістер технологиясы) және 5В070900 - "Металлургия" мамандықтары бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.
Магистранттар 6М072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағыты бойынша дайындалады.
PhD докторанттар 6D072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағыты бойынша дайындалады.
- Конденциялық емес және жаңа шикізаттар түріндегі өндірістердің қалдықтарын бағалы өнімдерге өңдеу технологияларын жасау
- Суды тазалаудың, дайындаудың ілімдік және технологиялық аспектілерін жасау
- Көпметаллды және көмірсутекті шикізаттарды кешенді өңдеу.
Ғылыми бағыттар
Кафедра профессорлары, академик У.Қ.Бишимбаев және В.М.Шевкоға ҚР білім және ғылым Министрлігі бойынша ең үздік ғылыми зерттеу жұмыстары үшін сертификаты берілді.
Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ү.Бестереков «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгілерінің иегері.
Профессор В.М.Шевко Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің стипендиясының, 2008 «Жылдың ең үздік ғалымы» номинациясының, Республикалық парасат сыйлығының, ОҚМУ және ОҚ обылысының үздік профессоры атағының иегері. Доцент А.Ә.Болысбек М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ең үздік жас оқытушысы номинациясының иегері. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасы 2006 жылдың М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ғылыми жұмыстары қорытындысы бойынша 1-орынға, ал 2008-2009 оқу жылының нәтижесі бойынша «М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік кафедрасы номинациясының жеңмпазы болды.
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» оқу бағдарламасы 2008 жылы халықаралық ASIIN агенствосында аккредитацияланды.
2010 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 5В072000- "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы ҚР білім және ғылым Министрлігінің «Ұлттық рейнг-2010» нәтижесі бойынша 1-орынды иеленді.
Іс-тәжірибе базалары туралы мағлуматтар
«Казфосфат» ТФ ЖШС, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералды тыңайтқыштар зауыты, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, Тараз қ. «Бетпақ-дала» ЖШС, «Ақдала» руднигі Созақ ауданы. «Ниторхимгрупп» Ассоциациясы, Ақтөбе қ. «Взрыв-универсал» ЖШС, Шымкент қ. «Рективті фосфор қосылыстары» АҚ, Шымкент қ. «Степной» руднигі, Созақ ауданы, Таукент пос. «Энергия орталық-3» ЖШС, Шымкент қ. «Қайнар» ЖШС, Шымкент қ. «КазНИИХимпроект» ЖШС, Шымкент қ. ДГП «РНИЦБХП», Шымкент қ. «КазАзот» ЖШС, Ақтау қ. Өскемен титан - магний комбинаты, Өскемен қ. «Алюминий Казахстана» ААҚ, Павлодар қ. «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ, Ақтөбе қ. «Қазмырыш» АҚ, Өскемен қ. СП «Катко» Созақ ауданы, Таукент пос. «Отрар» ЖШС, Шымкент қ. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, Кентау қ.
Кафедра шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен ғылыми және шығармашылық қарым -қатынаста. Олардың қатарында: Д.Менделеев атындағы РХТУ, Мәскеу қаласы; Санкт-Петербург технологиялық университеті, Санкт-Петербург қаласы; Иванов мемлекеттік университеті, Иваново қаласы; М. Ұлықбек атындағы Өзбек халықаралық университеті, Ташкент қаласы; Бийск технологиялық институты, Бийск қаласы; Таджикистан тау-металлургиялық институты, Чкаловск қаласы және т.б. Қарым-қатынастың негізі –ғылыми техникалық мағұлматтар алмасу, біріккен зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистрлік және PhD- докторлық диссертацияларды қорғау және т.б.