М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Прага химиялық технология университетінің (Чехия Республикасы) өкілдерімен кездесу өтті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 8 қазанында Чехия Республикасының химиялық технология университетінің серіктес жоғары оқу орнының делегациясы ресми сапармен келді. Құрамында сыртқы байланыстар және коммуникациялар жөніндегі проректоры Павел Матейка, білім беру жөніндегі проректор Зденек Белохлав, табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры Павел Драшар және қатты дене химиясы кафедрасының профессоры Богумил Кратохвил болды.

Делегацияның мақсаты екі Жоғары оқу орнының  білім алушылары мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, шетелдік ғалымдарды оқу процесіне тарту, химиялық технологиялар саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми мақалаларды жариялау және ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

Прага химиялық технология университеті - Чехияда техникалық химияны оқытуда мол тәжірибесі бар Орталық және Шығыс Еуропадағы ірі жоғары оқу орны, QS әлемдік рейтингте 365 орын, ал ұлттық рейтингте екінші орынға ие.

Университет басшылығымен кездесу барысында бірінші проректор Қ.Е.Нұрманбетов, Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің деканы А.А. Анарбаев пен оқытушы-профессорлар құрамы  химия ғылымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы туралы сындарлы және тиімді диалог өткізді.

Кездесу аясында сыртқы байланыстар және коммуникация жөніндегі проректор Павел Матейка Прага химиялық технология университеті қазақстандық Жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастыққа мүдделі және республиканың оңтүстік өңірінде орналасқан ірі стратегиялық серіктестердің бірі болып табылатын химия және химия өнеркәсібінің дамуы ұзақ мерзімді перспективаға ие жоғары, ғылыми және білім әлеуеті бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қарастыратынын атап өтті.

Екі жақ Жоғары оқу орнының стратегиясын белгілеп халықаралық ынтымақтастық шеңберінде химия инженериясы, тестілеу өнеркәсібі және тамақ индустриясы саласында мамандар даярлау және жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтасуға ұмтылысын білдірді.

Қорыта айтқанда, бұл іс-шара ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы келісімдердің қисынды жалғасы және осы кездесу барысында алынған талқылау нәтижелері екі университет арасындағы екі жақты әріптестікті нығайту үшін берік іргетас болып табылады.

 

Халықаралық байланыстар орталығы

№ 3 корпус, 217 каб.

Тел.: 87252 21-41-54

upvo-ms-sksu@yandex.kz