"Заманауи оқыту технологиялары" онлайн курсы

25.05. - 4.06.2020 жылы аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушы құрамына арналған «Заманауи оқыту технологиялары» тақырыбындағы онлайн курсы өтеді. Курстың бағдарламасы:

- студенттерге бағытталған білім беру (студентцентрированное обучение);

- оқу процесінің номативті-құқықтық актілерін;

- ЖОО оқытушысының оқу-әдістемелік жұмыстары;

- қашықтықтан оқу процесінде оқу және жазу арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту технологияларын;

- қашықтықтан оқыту жағдайындағы инновациялық педагогиклық технологиялар мен интербелсенді әдістерді пайдалану жолдарын;

- қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беруде оқытудың заманауи технологияларын қолдануды;

- кейс әдісі, қашықтықтан оқыту процесінде қолдану тәжірибесін қамтыған.

Бұл курс ЖОО оқытушысына қажетті барлық ақпаратты беруге және қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курс лекторлары ретінде университеттің алдыңғы қатарлы методистері тартылған.

Курс 72 сағатқа жоспарланып, курсты аяқтаған тыңдаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.

Басқа білім беру мекемелерінен курсқа қызығушылық танытқан тыңдаушылар қажетті мәліметті https://ukgupkval.website/ вебсайтында қажетті мәліметтерді (ақпараттық хат, курс мазмұны, оқу төлемақысы, университеттің реквизиттері т.б.) алып, тіркеліп, қатыса алады.

Мәлімет үшін телефондар: 30-12-35;  8-707-554-24-20