Қымбатты достар, әріптестер, «Экономика және Қаржы» факультетінің бітіруші түлектері!
Осы оқу жылында біздің факультетке 20 жыл толады. Факультеттің жұмыс істеу жылдарында он мыңға жуық маман бітіріп шығыпты. Көптеген түлектеріміз Қазақстанның түкпір-түкпірінде және шетелде жұмыс істеуде. Экономика және Қаржы факультетінің 20-жылдығы бітірушілердің бірі-бірімен қайта кездесуіне, студенттік өмірді, дәрісханаларды, жатақханаларды қайта көруіне, оқытушылармен және студенттермен кездесуге себепкер болады. Біздің бітірушілерді факультеттің ukgu.kz сайтындағы «Бітіруші түлектер ассоциациясы»орнына тіркелуді және
fackultet.fef@ya.kz поштасына байланысуларыңызды сұраймыз, . Мерекелік іс-шаралар 2012 жылдың мамыр айында өтеді. Сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып белгіленген уақытқа дейін өзгерту енгізілетін Іс-шаралардың бағдарламасы қосымша ретінде беріліп отыр.
Факультетіміздің мерейтойын тойлауда Сіздерді көруімізге қуанышты боламыз!
«Экономика және Қаржы» факультетінің деканы
Рахметулина Жибек Берлибековна
Қосымша ақпараттар алу үшін байланысыңыздар:
Молжигитов ШынгысТемирханович, декан орынбасары. Тел.: 8(7252)213668; сот.87017819388; e-mail:
m_chingiz@mail.ru
Пазылов Галымжан Абдрасулович. Тел.: 8(7252)213668; сот.87004470656; e-mail: pgalimjan@mail.ru
М.Әуезов ат. ОҚМУ «Экономика және Қаржы» факульетінің 20-жылдығын тойлау бойынша өткізілетін мерекелік іс-шаралардың
БАҒДАРЛАМАСЫ
30 қыркүйек
Факультеттің оқытушы профессорлар құрамы арасында шахматтан турнир
«Экономика және Қаржы» факультетінің студенттері арасында дойбыдан турнир
31 қазан
«Экономика және Қаржы» факультетінің 20-жылдық мерейтойына арналған ең үздік видео байқауы
4 – 5 қараша
«Менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық студенттік олимпиада
«Маркетинг»мамандығы бойынша Халықаралық студенттік олимпиада
Студенттік пікір-сайыстар (дебат)
Қонақтар мен олимпиадаға қатысушылардың Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи мавзолейіне бару және Шымкент қаласын көрсету
18 қараша
Қаржы-несиелік реттеу мәселелері бойынша Дөңгелек стол
Экономика бойынша мектеп оқушылары арасындағы олимпиада
Ақпан
«Біздің бітірушілеріміз – біздің мақтанышымыз» стендін ашу
Наурыз
Факультеттің мерейтойына арналған кітап шығару
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша аймақтық конференция
Сәуір
«Университет өмірі» фотокөрме
Факультеттің оқытушы профессорлар құрамы, студенттері, бітірушілер араларында Сауалнама жүргізу: «Факультеттің символы ретінде нені көрер едіңіз?», «Факультетті 20 жылдан кейін қандай болады деп ойлайсыз?»
5 мамыр
15.00- 16.00. Қонақтарды қарсы алу және тіркеу. (Бас ғимараттың 4 қабатындағы холл)
16. 00. — 18. 00. Факультеттің 20-жылдығына арналған мерекелік жиналыс (Бас ғимараттың мәжіліс жайы).
18.00 «Факультет: кеше, бүгін, ертең» кітабімен таныстыру
18. 30. Мерейтойға арналған банкет (мейрамхана)
22. 00. Фейерверк
Қосымша ақпараттар алу үшін байланысыңыздар:
Молжигитов ШынгысТемирханович, декан орынбасары. Тел.: 8(7252)213668; сот.87017819388; e-mail:
m_chingiz@mail.ru
Пазылов Галымжан Абдрасулович. Тел.: 8(7252)213668; сот.87004470656; e-mail: pgalimjan@mail.ru