e-mail:aigerim_86_86@mail.ru
Факультет кафедралары
Жалпы мәліметтер:
Филология факультеті М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. 2007 жылдың тамыз айынан бастап факультет құрамына 6 кафедра кіреді: «Қазақ тіл білімі», «Қазақ әдебиеті», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі», «Ағылшын тіл білімі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілі» (жалпы білім беретін). Факультет М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң №8 оқу ғимаратында орналасқан.
Міндеті:
Факультеттің міндеті білім саласында сапалы қызмет көрсету, білім және мәдениет салаларында қызмет атқаратын жоғары білікті маман дайындау, Оңтүстік аймақ пен еліміздің инновациалық дамуына белсенді түрде ықпалын тигізу.
Бағдарламалар:
Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура.
Бакалавриат мамандықтары бойынша мына мамандарды дайындайды:
5В010100 / 050101 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,
5В010200 / 050102 «Бастауыш оқыту теориясы мен педагогикасы»,
5В011700 / 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»,
5В011800 / 050118 «Орыс тілі мен әдебиеті»,
5В011900 / 050119 «Шет тілі: екі шет тілі»,
5В020500 / 050205 «Филология: қазақ тілі»,
5В020700 / 050207 «Аударма ісі»,
5В021000 / 050210 «Шет тілі филологиясы: ағлшын тілі»,
5В021900 / 050219 «Шет тілі филологиясы: өзбек тілі»,
5В022400 / 050224 «Филология: орыс тілі».
Магистратура мамандықтары бойынша мына мамандарды дайындайды::
6М020500 - «Филология: қазақ тілі»,
6М020500 - «Филология: қазақ әдебиеті»,
6М010200 - «Бастауыш оқыту теориясы мен педагогикасы»,
6М010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие».
Докторантура PhD мамандықтары бойынша мына мамандарды дайындайды:
6D020500 - «Филологиялық ғылымдар».
Факультеттің негізгі міндеті балабақшада, орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, республикалық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау. Факультет бұл міндетті өз межесінде орындауда, өйткені үлкен кітапханамен, компьютерлік сыныптармен, медиатека кабинетімен, қазақ тілі және орыс тілі кабинеттерімен, лингофондық кабинетпен, аудио және видеоаппаратурамен, 5 аудиториямен, интерактивтік тақталармен, проекторлармен жабдықталған.
Филология факультеті қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі филологиясы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады.
Ғылыми жобалар халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Студенттік өмір:
Факультет студенттері ғылыми мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Кафедраларда студенттік ғылыми ұйымдар жұмыс істеуде. «Сырлы сөз» атты әдебиеттік үйірме жұмыс істейді.
Жыл сайын Студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы, түрік және славян жазуының мейрамдары өтеді. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының білім бeру мен ғылым Министрлігінің және ҚР АН дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады.
Біздің бітірушілер:
Факультет түлектері білім беру мекемелерінің дерлік бәрінде, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, басылымдар мен шетелдік корпункттарда жұмыс істеп, республикалық және облыс газеттер мен журналдарының редакцияларын басқарады.
Талапкерлерге:
Құрметті талапкерлер! Университеттің ежелден келе жатқан факультетінде сіздер фундаменталды білімді келесі мамандықтар бойынша ала-аласыздар:
5В010100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В010200 «Бастауыш оқыту теориясы мен педагогикасы», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В020500 «Филология: қазақ тілі», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В020700 «Аударма ісі», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В021000 «Шет тілі филологиясы: ағлшын тілі», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В021900 «Шет тілі филологиясы: өзбек тілі», (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);
5В022400 «Филология: орыс тілі». (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі):
Болашақ мамандардың жұмыс атқаруының негізгі салалары:
Филология саласының маманы бұқаралық мәліметтер органдарында, редакциялар мен басылымдарда, теледидар мен радиоларда, мұғалім ретінде орта мектепте жұмыс істей алады.
Сонымен қатар филолог келесідей салаларда жұмыс істей алады:
- Информациялы-шығармашылықта: әдебиет қайраткері, меншікті тілші, тілші;
- Информациялы-реферетивті: хатшы-референт, түсініктемеші, сарапшы, шолушы.
- Әдеби-көсемсөзді: очеркші, фельетоншы, көсемсөз.
- Филолог жауапты хатшы, бөлім бастығы, қоғамдық байланыс жөніндегі кеңесші жұмысын атқаруға дайын.
Мамандарда кәсіби дайындаудың негізгі бағыттары.
Жалпы профессионалды пәндерді оқыту: заманауи қазақ тілі мен орыс тілі, әлемдік әдебиет тарихы, риторика, сөйлеу мәдениеті. Арнайы пәндерді оқыту және т.б.
Арнайы курс, арнайы семинар мен мамандандыру пәндерінің жиектеуде таңдаулы пәндерді оқыту қарастырылған.
Студенттер тәжірибесі:
Факультет студенттерінің іс-тәжірибеден өту базалары мыналар болып табылады: А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия, К.Спатаев атындағы №7 лицей, Г.Титов атындағы №20 славяндық гуманитарлық-эстетикалық гимназия, Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп –гимназия, Ш.Айтматов атындағы №46 мектеп-гимназия, Ә. Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы, «Аққу» №45 балабақшасы, №1 «Әлем» балабақшасы, №118 «Әсел» балабақшасы, №5 «Нұрсат» балабақшасы, №98 «Мерей» балабақшасы, №31 «Салтанат» балабақшасы, «Ақбөбек» кішігірім мектепке дейінгі мекеме.
Оқу-ғылым және білім беру комплексі аясында кафедралар келісім-шартқа сай білім беру мекемелерімен бірігіп жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіп отырады. Атап өтер болсақ, Г.Титов атындағы №20 славяндық гуманитарлық-эстетикалық гимназия, Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназия, К.Спатаев атындағы №7 лицей, Ә. Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы.
Факультетте жоғары дәрежелі мамандармен қамтылған 6 кафедра жұмыс істейді:
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Ағылшын тіл білімі кафедрасы
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы
Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері кафедрасы