«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

 

Тулекбаева Айжамал Конысбаевна

 

т.ғ.к., доцент

 

Мекен-жайы:Шымкент қ., 160012, Ғ.Ілияв көшесі 10, ОҚМУ, Б корпусы Механика және мұнайгаз ісі факультеті

Телефоны: 8(7252) 30-07-63

Факс: 8(7252) 21-01-41

e-mail:tulekbaeva@mail.ru

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

 

 

Жалпы мәліметтер

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы 1999 жылдан «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша мамандар дайындауды жүзеге асырады. 2003-2008 жылдары кафедраны т.ғ.д., профессор Бекибаева Н.С. басқарды. 2008ж. кафедра «Технологиялық процестер және аппараттар» кафедрасының құрамына кіріп кафедраны 2008-2009 жылдары т.ғ.д., профессор Жекее М.К., 2010-2011 жылдары т.ғ.д., профессор Сатаев М.И. басқарды. 2011 жылдың мамырында университет басшылығымен кафедраны жеке бөлу туралы шешім қабылданды және 2011 жылдың қыркүйегінен кафедраны т.ғ.к., доцент Тулекбаева А.К. басқарады.

 

Қазіргі кезде кафедрада мынадай мамандарды дайындау жүзеге асырылады:

  • 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша бакалавры;
  • 6М073200 – Станадарттау және сертификаттау, 6М075000 – Метрология мамандығы бойынша магистрі.

 

СМС білім бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау ҚР «Білім туралы» Заңы, Университет жарғысы, Мемлекеттік білім стандарты мен мамандық бойынша оқу жоспары, мамандақ бойынша бекітілген ОӘБ, пән бағдарламасы, Мемлекеттік жоспар жиынтығы, ҚР БҒМ бұйрығы, Университеттің ректоры мен ғылыми кеңестің шешімі (сондай-ақ басқа да нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мамандарды дайындау құрылымы ҚР жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты (ҚР МЖМБС) бойынша құжаттар жинағының талаптарына сәйкес.

 

Мамандарды дайындау мазмұны ҚР МЖМБС талаптарына білім бағдарламасының сәйкестігін талдау негізінде бағаланады. Жоғары білім сапасының негізін құраушы – бұл мақсаты, мазмұны және оқыту мен тәрбиелеу процесін жүзеге асыру әдістерін анықтайтын нормативтік құжаттар жиынтығынан тұратын СМС білім бағдарламасының сапасы. Мамандақ бойынша бағдарлама жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты, үлгідегі оқу жоспары және ҚР БҒМ бекітілген оқу пәндерінің бағдарламасын есепке ала отырып дайындалған.

           

Оқытушы құрамы

Стандарттау және сертификаттау кафедрасы жоғары білікті кадрлармен жинақталған. Кафедра құрамында 2 техника ғылымының докторы: Бекибаев Н.С., Сабырханов Д.С., 6 ғылым кандидаты, 2 магистр және 2 аға оқытушы бар. Кафедра оқытушылары барлық негізгі пәндер бойынша оқу әдістемелік материалдарын дайындаған.

 

Студенттік ғылым

ОҒӨК (УНПК) РМК ОҚФ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты», «Химиялық және мұнайхимиялық өндіріс қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу орталығы» ММК, ОҚО бойынша ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті базасында мамандық пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. 2010-2011 оқу жылынан бастап кафедра студенттері «Стандарттау бойынша техникалық орындаушының практикумы» пәнін өтеді, аяқталуы бойынша «стандарттау бойынша техник» жұмысшы мамандығы бойынша куәлік беріледі.

Кафедрада 70% студенттер қатысатын «Техпромстандарт» СҒҚ қызмет етеді. «Техпромстандарт» СҒҚ құрылымы 10 ғылыми бағыттан тұрады:

  1. Интегрирленген сапа менеджмент жүйесі және олардың салалық ерекшелігі.
  2. Тамақ өндірісіндегі СМЖ.
  3. Сапа көрсеткіштері және техникалық объектілердің кемшіліктері.
  4. Персоналды ынталандыру.
  5. СМЖ қамтамасыз ету шығындары.
  6. СМЖ ендіру және жетілдіру.
  7. Оңтүстік Қазақстан кәсіпорындарында сапаны жоғарылату әдістемелерін ендіру мәселелері.
  8. Жоғары оқу орындарындағы СМЖ және шетелдік тәжірибе.
  9. Халықаралық стандарттарға сәйкес экология және қоршаған ортаны қорғау.
  10. Қазақстандық және шетелдік аккредиттеу жүйесі.

Орындалған жұмыстар нәтижесі студенттік ғылыми конференцияларда баяндалады, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде қолданылады.

 

Ғылыми бағыттар

Кафедраның ғылыми жұмысы мынадай тақырыптар бойынша жүргізіледі:

  • интегрирленген менеджмент жүйесі негізінде кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару әдістемесін әзірлеу
  • жылуалмасу аппараттарында тұтқыр жылу тасымалдағыштардың ағу заңдылығын зерттеу

 

Халықаралық серіктестік

Кафедра жақын кафедралармен іскерлік байланыс жасайды: Н.Э.Баумана атындағы ММТУ «Метрология және өзараауыстырымлықы» кафедрасы Мәскеу қ., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы Астана қ., Белорус Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Өнімді сертификаттаудың физика-химиялық әдістері» кафедрасымен және Белорус Ұлттық Техникалық Университетінің «Стандарттау, метрология және ақпараттық жүйелер» кафедрасымен мынадай ғылыми бағыттар бойынша байланыс орнатылуда:

  • сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және зерттеу;
  • табиғи және жасанды объектілердің қасиеттерін физика-химиялық өлшеу әдістерін жетілдіру;
  • 2012ж. химия және тамақ өндірісінде метрология бойынша халықаралық семинар өткізу (БР Госстандартымен бірге).

 

Кафедраның іс-тәжірибе базалары

  • Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы;
  • Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты;
  • Қазақстан метрология институты;
  • Ұлттық аккредиттеу орталығы;
  • Республиканың әртүрлі аймақтарының өндірістік және құрылыс кәсіпорындары. Оларға: «HILL Corporation» ЖШС, «A-Mega Trading» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «КАЗФОСФАТ» ЖШС, «Резина-техникалық бұйымдар» ЖШС, «Химиялық және мұнайхимиялық өндіріс қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу орталығы» ММК, «Корона» ЖШС және т.б. жатқызуға болады.

 

Талапкерге

МАМАНДАР ДАЙЫНДАУ МАЗМҰНЫ

            Мамандықтың оқу жоспары әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми, жалпы мамандандыру және мамандық бағыттарындағы ғылыми пәндерден түзіледі. Оқу процесі кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері жүргізетін оқу-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға студенттердің белсенді қатысуын қарастырады.

 

 

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ САЛАЛАРЫ

  • экономиканың барлық салалары мен облыстарындағы өндірілетін және орындалатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапалық және мөлшерлік мінездемелерін оқу және зерттеу;
  • тауарлар мен бұйымдардың стандартты параметрлерін зерттеуге тағайындалған аппараттар және приборларды пайдалану және оларға қызмет жасау;
  • сертификатталатын бұйымдарға құжаттар дайындау және оларға сараптама жүргізу;
  • таңдаған мамандығы бойынша менеджерлік, эксперттік, консультациялық және оқытушылық қызмет жасау;
  • мұнай-газ, мұнай-химия, азық-түлік және ауылшаруашылық салаларының өнімдерін сертификаттау органдары мен қызметтері;
  • кең қолданым табатын және қызмет көрсетуші өнеркәсіптерді инспекциялау қызметтері және органдары;
  • импорттық тауарларды сертификаттау үшін кедендік қызмет;
  • сауда және тамақтану ұйымдарының қызметін инспекциялау және бақылау органдары.

 

Мамандық бойынша мамандар дайындауды 1999 жылдан бастаған кафедра еліміздің оңтүстік аймағындағы сонымен қатар университеттің бірегей оқу-ғылыми бөлімі болып табылады. Оқу сабақтарын және өзекті ғылыми жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізу мақсатында қазіргі таңда кафедраның оқу және ғылыми базасы алдыңғы қатарлы озық технологиялармен қамтамасыз етілген. Оқытушылық қызметті кафедрада жоғары білікті профессорлар, алдыңғы қатарлы ғылым кандидаттары мен доценттері жүргізеді. Олар өздерінің лекциялық сабақтарында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерін пайдаланады.

Инновациялық қызмет

►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар