Кафедра меңгерушісі
Искакова Лаура Турлыбекқызы
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
|
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160018, Д.А. Қонаев даңғылы, 8. Филология факультеті, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы.
Тел: (7252) 22-10-33
Кафедра модераторы: Даулетбаева Л.
Жалпы мәлімет
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 2007 жылы тамыз айынан бастап 2 кафедраның бірігуінен жеке кафедра болып жұмыс істеуде. 1996 жылдан бері М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамындағы қазіргі Филология факультетінде 1996 тамыздағы берілген БМ №0000185 мерзімсіз лицензиямен бастауыш мектеп мұғалімдерін және мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші даярлауда.
Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы. Кафедраға қатысты лаборатория, филиал жоқ. Екі мамандық бойынша 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» студенттер даярланады. Кафедраға қарасты 3 оқу кабинеті бар, барлығы әдістемелік тұрғыда жабдықталған. Педагогикалық іс-тәжірибе базасы Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицей мектебі, З.Космедемьянская атындағы №23 көп салалық лицей мектебі, №64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы гимназия мектебі және №118 «Әсел», №1 «Әлем», №71 «Бастауыш мектеп-балабақшасы», №50 «Салтанат», №98 «Мерей» балабақшалары т.б. Болашақ мамандарға терең білім беру мен оқу жүйесі мемлекеттік білім беру стандартының жалпыға міндетті санитарлық нормасы мен жоспарына сай. Оқу ғимараттары, кабинеттері мен аудиториялары, оқу залдары және техникалық құрал-жабдықтар тірегі қанағаттанарлық.
Миссия
Кафедраның міндеті - орта мектептерде, жергілікті, облыстық және республикалық мектептерде және бала-бақшаларда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. Кафедра білім беруді жаңа технология бойынша интернетке қосылған компьютерлі сыныптар мен интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырады.
Бағдарлама
Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша екі деңгейлі маман даярлайды: бакалавриат – магистратура.
Қазіргі кезеңде кафедра екі мамандық бойынша мамандар дайындайды:
«5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);
«5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);
Магистратураның бағыты: 6М010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (2 жылдық магистр дәрежесі)
6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (2 жылдық магистр магистр дәрежесі)
Оқытушы-профессорлар құрамы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш мектепте жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамындағы «Педагогикалық мәдениет және өнер» институтына 1996 жылдың тамыз айынан берілген. 2001 жылы желтоқсан айынан бастап, «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының құрамынан өз алдына кафедра болып бөлініп шықты, яғни БМ №0000185 мерзімсіз лицензиясымен бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда.
Мамандық 1974 жылы Шымкент педагогикалық институты құрамында ашылды. Оқу түрі: күндізгі және сырттай бөлім.
2007 жылдың тамыз айынан бастап, 2 кафедраның бірігуіне және 2005 оқу жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуына байланысты, кафедраның аты өзгертілді. Кафедра М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің құрамына қарасты филология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы атанды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Искакова Л.Т. Кафедраның толық штат саны – 16: Оның 1-ғылым докторы, 12-ғылым кандидаты, 7-доцент, 7-аға оқытушы. Базалық білімге ие емес оқытушылар жоқ Кафедра оқытушы-профессорлар құрамының оқытылатын пәндері: экология, валеология, жас ерекшелік физиологиясы, математикалық логика, математика, дүниетану негіздері, балалар әдебиеті, шешендік өнер, бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту тарихы, қазақ тілін (орыс, математика, дүниетану) оқыту теориясы мен технологиясы. т.б.
Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы
Барлық академиялық топтарда 2010-2011 оқу жылына арналған жаңа 13 пунктен тұратын тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.
Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын ойдағыдай атқарып отырды. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырды. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысты.
Университетіміздегі өтілген іс – шараларға, өткізілген концерт қойылымдарға қатысты. Жұмыс барысында топтың тәртібі мен аудитория тазалығы қарастырылып отырылды. Сабақтан себепсіз қалатын студенттерді қадағалауға алдық.. Бақылау апталарының қорытындысы бойынша үлгерімі тексеріліп отырылды.
«Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» тақырыбы негізінде жоспардан тыс «Тапқыр достар» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында өзге ұлт өкілі студенттерінің арасында саналы білімі мен сапалы тәрбиесін көрсетіп, тапқырлығы мен сөз шеберлігін шыңдайтын сайыс өткізу. Кешті университет сайтына және университет газетіне мақала жіберілді.
Сонымен қатар «Қош келдің, әз наурыз» атты театрландырған кеш «Университет» газетіне жіберілді. Мақсаты ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қазақстан Республикасының VI жазғы универсиадасында Шынықұлов Ернұр II орын алды. (Астана, 2011ж). Патриоттық әндер сайысында Әміртағай Жадыра жүлдегер атанды. «Филология аруы-2011» сайысы бойынша фи 10-12к1 топ студенті Сапарханова Мадина II орынға ие болса, «Университет аруы-2011» сайысында Ержанова Жансая «Мисс симпатия», Темірханова Назгүл «Мисс очарования» номинациясын жеңіп алды.
Жалпы кафедрадағы жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар уақыты бойынша өтіліп отырады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар бойынша презентация жасалды.
Жылдық қорытынды бойынша факультет кафедралары арасынан «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ең үздік кафедра аталып, аға тәлімгер С.С.Абжанова алғыс хатпен марапатталды. «Ең үздік топ» бойынша кафедрадағы ФИ-08-12к1 топ студенттері бірінші орынды иеленді. Топ жетекшісі Б.Нарқұлова.
Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет
Кафедра бойынша оқытушылар құрамының білімін жетілдіру жоспары құрылған. Жоспар бойынша білім жетілдіру оқу жылының 2-жарты жылдығына белгіленген. Жоспар бойынша бекітілген оқытушылар Мамаева А. және Даулетбаева З. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» жеке бағдарламасы бойынша 2011ж. 7-19 ақпан аралығында 72 сағат көлемінде біліктілігін жетілдірді. Сонымен бірге кафедра оқытушылары Құдайбергенова М. және Медетбекова Н. Кандидаттық диссертациясын қорғап, бекітілді.
Біздің бітіруші түлектеріміз
Педагогикалық және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының түлектері облыс, республика көлемінде балғын жас балаларды білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетіп, жемісті еңбек етуде. Атап айтқанда, Жалғасова Жәудір № 80 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, Оспанова Клара облыстық білім департаментінде әдіскер, Мырзаева Айман № 47 мектеп – гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.
Талапкер
Құрметті талапкер! Университеттің алдыңғы қатарлы мамандықтарының бірі 050101 –«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 050102 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бойынша сапалы білім алуға кепілдік беріп, жарқын болашақты сілтейді.
050101 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Мектепке дейінгі оқыту бакалавры
Тәрбиеші, әдіскер қызметтерін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіптік іс - әрекетінің саласы – 1 жас пен 6 – жас аралығындағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимунының талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі баларды оқыту мен бірге тәрбиелеуге қалаптастыру.
050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры
Бастауыш сынып мұғалімі, тәрбиеші, әдіскер қызметтерін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Педагогикалық, ұйымдастырушы – педагогикалық және ғылыми - әдістемелік салаларында, халыққа білім беру салалары.Мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет саласы, білім беру жүйесі болып табылады.
Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесі болып табылады.
Кәсіби қызмет объектісі: жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер және бала-бақшалар болып табылады.
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі
Студенттердің теориялық білімдерін іс-жүзінде шыңдау үшін қаладағы озық, тәжірибелі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелермен келісім шартқа тұрып, сол мектептер мен бала-бақшаларда лабораториялық, практикалық сабақтар, педагогикалық іс-тәжірибелер өткізіледі.
050101- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ФИ-08-12к1,2 тобының студенттері Шымкент қаласындағы №5 «Нұрсәт», №98 «Мерей», №118 «Әсел» бөбекжай балабақшаларынан 37 студент «Мектепке дейінгі топтардағы педагогикалық іс-тәжірибесі» атты іс-тәжірибесінен өтті.
 |
 |
5В050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ФИ-08-13к тобының 21 студенті Шымкент қаласындағы №64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы гимназия мектебінде «Баланың мектептегі алғашқы күні» атты іс-тәжірибесінен өтті. Білім негізі бастауышта. Оның ішінде бастауышта берілетін білімнің беріктігі өте маңызды. Студенттер іс-тәжірибенің барысында мұғалімдердің іс-жоспарлары мен әдістемелік шеберліктерін үйренді. Іс қағаздарын толтыру жолдарын бақылады. Балалармен тіл табысу мақсатында олардың жас ерекшеліктеріне сай қарым-қатынас жасай білу жолдарын меңгерді. Танысу іс-тәжірибесі болғандықтан мектептің тыныс-тіршілігімен, құжаттарымен толыққанды танысты. Студенттер озат тәжірибелі ұстаздар қарамағына бөлініп берілді. Студенттер факультетен алған теориялық білімдерін тереңдетіп, бекітіп оқу-тәрбие үрдісінде көріп үйренді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне қарай оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге бейімделді. Сынып жетекшісінің міндетін атқарды және ата-аналармен жұмыс істеуді білді. Студенттер педагогикалық мамандыққа шыңдалып беки түсті. Сабақ барысында студенттер тақырыптарына сай көрнекілік түрлері пайдаланылып, математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндерімен пәнаралық байланыста қалай өткізу керектігін көрді. Іс-тәжірибе барысында студенттер пән мұғалімдерімен бірге оқушылар жаттығатын спорт залымен және түрлі қойылымдар өтетін акты зал, кітапхана, асхана т.б. көп ізденуді қажет ететін жерлермен танысып шықты.