Кафедра меңгерушісі
Елчиева Сайра Нығметқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
|
Мекен - жайы: ҚР, Шымкент қаласы , 160018 Т. Тәжібаев көшесі №2 М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология Кафедра: «Гуманитарлы мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы.
Телефон:(7252) 22-21-48
Жалпы мәліметтер
ОҚМУ ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бұйрық №3/539 13.08.01 ж, кадрлар дайындығын одан ары жақсарту мақсатында 2001ж тамызында гуманитарлық мамандықтарға арналған шет тілдер кафедрасы құрылды
Кафедра ағылшын және неміс тілдерінің тәжірибелік оқытуды гуманитарлы мамандықтар циклның күндізгі және сырттай оқыту бөлімінде жүзеге асырады.
Кафедра тілді оқытудың жаңа модельдеді циклдік оқытуды қолданады. Онда сөйлеудің, тындаудың, оқу мен жазбаша сөйлеудің мәселелеріне негізгі көңіл аударылады.Оқытудың белсенділігін арттыру үшін Reward ағылшын бағдарламасы бойынша компьютерлік бағдарламалар қолданылады, неміс тілі бойынша аудио-визуалды Alles Gute касеталары мен Tangramm аудио касеталары бар.
Профессорлы-оқытушы құрам:
Кафедраның ПОҚ саны - 18 адам. Оқу жылынын басында штатты кесте бойынша 18 оқытушы, оның ішінде 2 ғылыми кандидат, 2 магистр, 1 аспирант, 7 аға оқытушы мен 6 оқытушы жұмыс атқарып жур.
П.ғ.к-1, ф.ғ.к.-1
Аға оқытушы – 7
Декретті демалыста – 2
Барлық ПОҚ сабақтарды екі тілде өткізеді.
Базалық білім барлық оқытушыларда бар.
Соңғы үш жылда квалификацияны жоғарылатуға өткен оқытушылар саны -5.
Кафедраның ПОҚ жыл сайын республикада және жақын , алыс шет елдердегі болатын түрлі халықаралық ғылыми конферецияларға қатысады. Мысалыға Чехияда, Болгарияда, Польшада, Түркияда, Ресейде, Өзбекстанда және т.б.
Жыл сайын кафедрада студенттер арасында шет тілдер бойынша олимпиада өткізіледі. Онда шет тілін оқу барысында алған білімдер көрсетіледі. Осы жылы өткен олимпиядада ҚР үш тілдігі бағдарламасына сәйкес келгендей политілділік ерекше таң қалдырды.
Миссия:
Экономика, ғылым, қоғамның әлеуметтік дамуының өзгерісі мен дамуына, ҚР шет елддермен байланысының дамуына байланысты ҚР шет тілдерін оқуына деген талаптар мен қызығушылық өзгерді. Шет тілдерін оқыту ҚР кадрларының дайындауының ажыратпалы бөлігі болып табылады. Жас мамандар халықаралық еңбек нарығында бәсекеге тұрарлық болу керек.