Кафедра меңгерушісі
Яковенко Людмила Константиновна
Филология ғылымдарының кандидаты
|
Адрес: 160018, Казахстан Республикасы, қ. Шымкент, Тажибаев көшесі (бұрынғы. Ватутина), 8, филология факультеті М. Әуезов атындағы ОҚМУ, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, каб. 208.
Телефон: (7252) 31-43-25
Жалпы мәлімет
Орыс тілі кафедрасы екі мамандық бойынша мамандар даярлап шығарады.
- 5В020524 – Филология: орыс тілі (4 жылдық бакалавр академиялық дәрежесі);
- 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті (4 жылдық бакалавр академиялық дәрежесі).
Баклавриат деңгейін аяқтаған соң бітірушілер орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, балабақшада тәрбиеші, түрлі фондтар мен проектілер қызметкері ретінде, сондай-ақ телеарнада, радиода, газеттерде жұмыс істеуге болады.
Қазіргі уақытта біздің мамандық бойынша күндізгі бөлімде 100 студент оқуда.
Сонымен қатар кафедра гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар студенттеріне орыс тілінен жалпылама білім беруде.
Миссия
Кафедраның басты міндеті орта метептерде, басқа оқу орындарында, балабақшада, баспада және т.б. жұмыс істейтін білікті мамандар даярлау болып табылады. Кафедра алдынғы қатардағы филолог даярлау барысында соңғы әдістемелер, оқу құралдарын пайдалануда.
Бағдарламалар
Кафедра халықаралық стандартқа сай екі деңгейде: бакалавриат – магистратура білікті мамандар дайындауда.
2010-2011 оқу жылынан бастап магистраннтар дайындауда. Біздің бітірушілер екі диплом иегері болады – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Ресейлік халықтар достығы университеті.
Оқытушы-профессорлар құрамы
Кафедрада 20 оқытушы жұмыс істейді, 1 ғылым докторы, профессор және 11 филология ғылымының кандидаты.
Кафедра мүшелері сабақ беру деңгейін заманауи білім беру технологияларын пайдалану арқылы көтеруге және әр оқытушының ғылыми деңгейін жоғарылату және кафедраның ғылыми потенциалын көтеруге талпына жұмыс жүргізеді.
Кафедраның халықаралық байланыстары
Кафедра Ресейлік халықтар достығы университеті және Томскі мемлекеттік университетімен халықаралық байланыс жасауда. Кафедра алдағы уақытта Қырғыз - Ресей славян университетімен өзара қызметтестік байланыс және ғылыми тәжірибе алмасу үшін келісім шартқа тұруды жоспарлауда.
Біздің бітірушілер
Кафедра бітірушілері еліміздің мектептерінде, колледж және университеттерінде сонымен қатар шет елдерде, телеарна, радиода, газеттер мен театрда жұмыс жасауда.
Студенттердің іс-тәжірибесі
Іс-тәжірибесіз алған білім мәнсіз: шын мәнінде студенттің қандай білім алғанын, нені үйренгенін тек қана өзінің кәсібімен айналысып, білім дағдыларын пайдаланған кезде ғана білуге болады. Біздің студенттер диалектологиялық, фольклорлық, әлеуметтік-лингвистикалық және педагогикалық іс-тәжірибелерден өтеді.
Іс-тәжірибе базаларының қызметін Шымкент қаласының алдыңғы қатарлы мектептері атқарады. Олар № 20, №1 мектеп-гимназиялары және №46, №47 мектептер. Кафедра көп жылдан бері бұл мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Бітірушілер педагогикалық іс-тәжірибеден өздерінің болашақ жұмыс орындарында да өте алады.
Кафедраның ғылыми-ізденіс жұмыстары
Кафедраның басты жұмысының бірі ғылыми-ізденіспен айналысу. Ғылыми ізденіс жұмысымен тек қана оқытушылар емес сонымен қатар біздің мамандықтардың барлық студенттері 100% қамтылған.
Кафедра оқытушылары мен студенттерінің ғылыми ізденіс жұмыстары негізінен қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері: кәсіби қарымқатынастағы тіл мәдениеті, лингвистикалық мәдениеттану, анропонимика, көркем шығарманы жүйелі құрылымдық сараптау, когнитивтік лингвистика мәселелері, психолингвистика аясында жүргізіледі.
Заман талабына сай болу мақсатында кафедра оқытушылары әрдайым біліктілігін арттырып отырады.
Біздің мамандықтар студенттері жыл сайынғы факультетте және университетте өткізілетін ғылыми конференцияға белсенді түрде қатысады. Кафедраның үш түлегі - Г. Саудакас, А. Мырзабекова, А. Джунисовалар филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларын табысты қорғап шықты.
Студентік өмір
Кафедра студенттері білім алумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, мәдени-көпшілік жұмыстарында өздерін көрсетіп келеді.
Білім алуға деген қызығушылықтарын студенттер тамаша мерекелік іс-шараларға деген қызығушылықтарымен ұштастыруда.
Студенттермен тәрбие жұмысы кәсіптік қызығушылықтарын ескере отырып жүргізіледі.
Жатақханадағы студенттер өмірі әртүрлі шығармашылық кездесулер, конкурстар мен тақырыптық іс-шараларға толы.