Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №555 бұйрығына сәйкес 2012 жылғы 27-28 қаңтар күндері Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңін өткізуде көрсеткен ерекше қолдауыңыз үшін шын ықыласпен алғыс білдіреміз.
Сіз басқаратын оқу орнының оқытушы-ғалымдары енгізілген әділ қазылар алқасы шын дарынды жазбай танып, өзінің әділ бағасын беруде көп еңбек етті. Бұл Сіздің ұжымда қалыптасқан әділдік пен адалдық, достық пен сенім, өз кәсібіне шексіз берілу мен ұстаздық қасиеттің айқын нышаны деп білеміз.
Басқарма Сіз басқаратын оқу орнымен алдағы уақыттарда да тығыз әріптестік қатынаста жұмыс жасайтын болады.
Ұжымыңызға шексіз алғыс, шығармашылық табыс, биік абырой тілейміз.
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы А.Елшиева
►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар