ҚОЖАМЖАРОВА ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ

ҚОЖАМЖАРОВА ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі.

Қожамжарова Дария Пернешқызы – 1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

1979 жылы №5 Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін үздікке аяқтады.

1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты.

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:

1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1995 жылдан доцент.

2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж –  ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2010 жылдан бастап профессор.

2012 жылдан бастап ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

2017 жылдан бастап ҚР ҰҒА Академигі.

2018 жылдан бастап ҚР ПҒА Академигі.

ЕҢБЕК ӨТІЛІ:

1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушы.

1989-1990 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында стажер-ізденуші.

1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты.

1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті.

2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педагогика факультеті деканының орынбасары.

2001-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының  меңгерушісі.

2003-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы.

2008-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі  проректоры.

2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.

2012 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.

2013-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.

2018 жылдың 18 мамырында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС:

2008-2012 жылдары ІV шақырылған Тараз қалалық  мәслихатының депутаты.

2012-2016 жылдары V шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты.

2016 жылдан VІ шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

МАРАПАТТАРЫ:

Дария Пернешқызы Қожамжарова – 3 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен  және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоты – 2017» номинациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің «Көшбасшы әйел – 2017» номинациясының иегері.

ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР:

250-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың 6 монографияның, 5 оқу-әдістемелік  құралдың авторы.

Отбасылы. 1 ұлы, 2 қызы, немересі бар.