 |
Факультет деканы
Демеуов Ахан Қалыбайұлы
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Мекен жайы: Шымкент қ., 160012, Байтұрсынов к-сі, н/з, М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Телефон: 21-43-69
Администратор: Нұрмаханова Ғазиза Қалмақанқызы р.т.: 21-34-22
|
|
Факультет кафедралары
Мекен жайы: Шымкент қ., 160012, Байтұрсынов к-сі, н/з, М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Телефон: 21-43-69
Администратор: Нұрмаханова Ғазиза Қалмақанқызы р.т.: 21-34-22
Бакалаврларды даярлау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
5В010300 «Педагогика және психология»
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»
5В010500 «Дефектология»
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»
5В090200 «Туризм»
5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис»
Факультет тарихы
1966 жылы Шымкент мемлекеттiк педагогикалық институты «Дене тәрбиесi» мамандығы бойынша алғашқы 25 студентті қабылдады. 1970 жылы құрамында 3 кафедра бар: «Дене тәрбиесi, спорт iлiмi мен әдiстемесi», «Спорттық пәндерi», «Жалпы дене тәрбиесi» болып, жеке «Дене тәрбиесi» факультетi аталынып бөлiнiп шықты.
1990 жылы педагогика ғылымының докторы, академик, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы М. Сапарбаевтың ұйымдастыруымен «Дене тәрбиесi» техникумы «Дене тәрбиесi» факультетiмен біріктіріп, Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент педагогикалық дене тәрбиесi институтын ашты. Кейiннен 1996 жылы мәдениет және өнер институтымен бiрiгiп, М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi болып қайта құрылды. Университет ректоры болып академик М. Сапарбаев сайланды.
Факультет құрамында 8 кафедра жұмыс iстейдi. Олар: «Дене тәрбиесi, спорт iлiмi мен әдiстемесi», «Бастапқы әскери дайындық», «Психология және дефектология», «Халықаралық туризм және сервис», «Спорт пәндерi және жекпе-жектер», «Жалпы психология», «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарына арналған дене тәрбиесi», «Агро, экономика және заң мамандықтарына арналған дене тәрбиесi».
Факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы 144 оқытушы, оның iшiнде 5 профессор, ғылым докторлары, 35 ғылым кандидаты және доценттер, 7 Қазақстан Республикасына еңбек сiңірген жаттықтырушылар және 21 Қазақстан Республикасының спорт шеберлерi жұмыс iстеуде. Кафедра меңгерушісі п.ғ.д, профессор А. Жолдасбеков 2007 жылғы Жоғарғы оқу орындарының «Үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды.
Сонымен қатар ғылыми негізделген көптеген оқу-әдістемелік құралдар басып шығарды. Атап айтсақ, Қ. Қарақұлов «Педагогика», «Педагогика управления», Т. Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» (3 бөлімдік), Г. Лекерова «Конфликтология», «Психология спорта», З.Қабылбекова «Үлгермеуші оқушыларды оқытудың психологиялық аспектілері», «Жас ерекшелігі психологиясы», А. Исабекова «Қызым, саған айтам...», Қобланов Ж.Н. «Спорттық күрес әдістемесінің негіздері». Наханов К.С. «Спорттық күрес теориясы мен әдістемесінің дәрістері», Балабеков А.Т., Биданов Ж.Б., Затыбеков К.А.«Спорттық гимнастика аталымдарын пайдалана отырып сабақ оқыту жолдары…»
 |
 |
Факультет түлектері п.ғ.д., профессор Аяшев О.А. ҚР Парламент депутаты, п.ғ.к., профессор Тукеев С.А. министрлікте ұлттық құрама командалар бастығы, п.ғ.к., профессор Ж. Қобланов, п.ғ.д., профессор Б.Тойлыбаев университет проректоры, М.Юсупов ҰҚК полковнигі. Туризм мамандығы бойынша бітірген түлектер шет елдерде жұмыс істеуде: А.Степанова (Швеция), Григориади (Греция), Н.Колесникова, М.Шеңгелбаева, А.Мухидинова (Туркия), Е.Лазерева (Ресей) мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ішінде спорттық жетістіктері жағынан алдыңғы қатарда келеді. Университетте «Программа оздоровления студентов ЮКГУ им. М. О. Ауезова средствами физической культуры и спорта по курсам и годам обучения», «Организационно-методическое пособие по проведению оздоровительной работы среди профессорско-преподавательского состава и сотрудников ЮКГУ им М. О. Ауезова средствами физической культуры и спорта» атты оқулықтары шығарылды.
 |
 |
2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында ҚР намысын қорғаған ОҚМУ студенттері: Бекзат Саттарханов- бокстан олимпиада чемпионы; Мұхтархан Ділдәбеков – Олимпида ойындарынеың күміс жүлдегері; Базарбек Домбай-(дзюдо)- бесінші орын; Ольга Довгун (оқ ату)- алтыншы орын; ауыр атлетикадан Татьяна Хромова, Бахыт Ахметов қатысты. 2004 жылы Афины қаласындағы Олимпиада ойындарында университеттің 6 студент-спортшылары қатысты. Олар: Алия Юсупова (көркем гимнастика), Ольга Довгун (оқ ату) 4-орын алды, Татьяна Хромова и Бахыт Ахметов (ауыр атлетика) – 6-7 орындарды алды, Базарбек Домбай (дзю-до күресі), Татьяна Бочарова (жеңіл атлетика). Біздің факультеттің студенттері ҚР ЖОО арасындағы Универсиадада да жоғары жетістіктерге жетуде. 2002-2005 жылдары біз Универсиада кубогін жеңіп алды. 2007 жылы қола жүлдегер болды.
Университеттің 20 студент-спортшылары халықаралық дәрежеде еліміздің намысын қорғайтын ҚР құрама командасының сапында өнер көрсетуде. Спортшыларымыздың жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуіне университетте жақсы жағдай жасалған, олар: 12 спорт зал, 3 футбол алаңы, дүниежүзілік стандартқа сай жүзу бассейні, жеңіл атлетикалық манеж, спорттық ашық алаңдар және спорттық-сауықтыру орындары. Жыл сайын университет Ғылыми Кеңесі түрлі спорт түрлерінен ҚР құрама командасында өнер көрсететін спортшыларға университет атынан грант бөлуде. Қазіргі таңда факультетімізде 26 студент университтік грантта, 6 студент 50 пайыздық жеңілдікпен оқиды.
Факультеттің оқу-әдістемелік комиссия жұмысының жоспары
Факультеттің өткізілетін әдістемелік семинарларының жоспары
Факультеттің ашық сабақ өткізу жоспары