Метрология және Стандартизация

Метрология және Стандартизация

Метрология және стандартизация бөлімі №3 ғимараттың 202 кабинетінде  орналасқан.

Бөлім жетекшісі: Қынатова Асия Амзеқызы.

Жоғары білімді маманы: Бердимуратова Дана Ердаулетқызы.

Сымтетік: 21-19-82

            2007-жылдың 22 қаңтарындағы №64-л нөмірлі бұйрық бойынша Ғылыми зерттеу жұмысы  проректордың құрамында Метрология және стандартизация бөлімі құрылды.

            Осы уақытта Метрология және стандартизация бөлімінде студенттерге және университет қызметкерлеріне өте ыңғайлы керекті стандарттарын іздеп қолдануға жағдай жасалған.

            Бүгінгі күнге дейін Метрология және стандартизация  бөлімінің қорында 6667 мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар бар. ОҚО   облысының Ұлттық сараптау және сертификаттау (НАЦЭКС) орталығымен келісімшарт арқылы ғылыми зерттеу жұмысын жасайтын 41 дана құрал жабдықтарды  тексеруден өткізіп   барлық құрал жабдықтарға сертификат алынды. Сонымен қатар Шымкенттегі Қазақстан метрология және стандартизация институты филиалымен (КазИнСтандартизация и метрология)  келісімшарт арқылы керек нормативтік құжаттарды әр ай сайын алып отырамыз.

            Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының ОҚ облысындағы филиалымен келісімшарт құрғанбыз,бізде жоқ  стандарттарды университет қызметкерлерінің сұранысы бойынша осы кітапханадан аламыз. Біздің метрология және стандартизация қор құрамындағы нормативтік құжаттарды яғни стандарттарды жоғарыдағы 3 мекемемен келісімшарт арқылы немесе сым тетік арқылы ақпараттар алып отырамыз.

            Метрология және стандартизация бөліміне күндік келіп ақпараттар немесе нормативтік құжаттарды алып кететіндер саны 20-25 студент, аспирант, магистранттар. Бөлімде  2010 жылғы  соңғы  стандарттар  тізімі

3- томдық сілтемемен көрсетілген және Қазақстандық 1-томдық сілтемеде бар. Ескірген стандарттарды ай сайын алатын ақпараттық сілтеме арқылы ауыстырылып немесе жойып отырамыз, сонымен бірге ескірген және өзгерген стандарттарды неге ауысқанынада ақпарат береміз. Әр күні келген университет қызметкерлеріне өз уақытысында ақпарат жеткіземіз.

            «САПА» Физио-химимялық зерртеу знртханасының күнделікті қолданып жүрген стандарттарын жаңартып бердік сонымен бірге «Конструкциялық  және биохимиялық материалдар зертханасында» 200 стандарттарын жаңартып бердік. Барлық стандарттарды жаңарту кезінде соңғы 2010жылғы сілтемелерді қолданамыз.