Патентті-өнертапқыштық жұмыс

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

     Ғылыми іс-әрекет эелементтерінің бірі зияткерлік меншікті - өндірістік меншік (өнертабыс)  пен авторлық құқық нысандарын қорғау болып табылады. Ғылыми зерттеу басқармасының  Зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімі № 3 ғимараттың 205 бөлмесіне орналасқан.

 Зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің жетекшісі   Михайлова Валентина Ильинична

Зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің  жоғарғы білікті мамандары – Алатаева Балхия Дуисекқызы, Қайсарова Қаным Даулетқызы.

Байланыс телефоны: 21- 19-82.

        

      

     Бөлімнің міндеті университет ғалымдарының  өңдеген зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғауын қамтамасыз ету үшін құжаттарды даярлауға, методикалық көмек көрсетуге, өнертапқыштыққа  инновациялық патент және патенттің берілуіне тапсырыстарды даярлауда  авторлармен кеңес өткізіп, оларды ҚР Әділет министрлігі Ұлттық  зияткерлік  меншік институтының нұсқаулығына сай етіп дайарлауын қамтамасыз ету.

     Авторлық құқық қорғау бойынша, электрондық оқулықтарды, монографияларды,ЭЕМ-ға арналған бағдарламаларды және т.б. нысандардың авторлық құқығын мемлекеттік тіркеу үшін ҚР Әділет министрлігі  зияткерлік меншік құқығы Комитетіне жібереді.         

     Университет есептік мерзім ішінде нысандарды құқықтық қорғауға 96 өтініш берді, ал 2010 жылы – 99 өтініш берді.  Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитет берілген тапысырыстарды қарап, университетке 103 қорғалған құжат берді, бұның 51- өнертабысқа (инновациялық патент және патент), 52- авторлық құқық бойынша (зияткерлік меншік объектісіне мемлекеттік тіркеу куәлігі), ал 2010 жылы 105 қорғалған құжат берді, бұның 54- өнертабысқа (инновациялық патент және патент), 51- авторлық құқық бойынша (зияткерлік меншік объектісіне мемлекеттік тіркеу куәлігі).

     Факультеттердің  зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмысына  жасалған талдау,технологиялық факультеттің  есептік жыл ішінде бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқанын көрсетеді.

     Кафедралар жұмысына жасалған талдау есеп беру жылында төменде көрсетілген кафедралардың ең белсенді түрде тапсырыс бергендігін көрсетеді:

     Өнертабыс бойынша :

     «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» (БЗХТ);

     «Силикаттар және құрылыс материалдар технологиясы» (СжМСТ);

     «Тамақ өндірісі технологиясы және тоңазытқыш техникасы» (ТӨТжТТ);

     «Қолданбалы механика» (ҚМ).

     Авторлық құқықты қорғау бойынша:

     «Кәсіптік оқытудың теориясы және әдістемесі»

     «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі»; 

     «Есептеу техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету»

     Авторлық құқықты қорғау саласында белсенді жұмыс атқаратын ғалымдардың бірі, электрондық оқулықтарға тапсырыстарды зияткерлік меншік құқығын қорғау Комитетінің талаптарына сай толтыратын «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры Қабылбеков Кенжехан Арыстанбекұлын ерекше атап өтуге болады.

     Есеп беру жылында құрылған зияткерлік меншік нысандары университеттің ғылыми іс-әрекетінің бағыттарына сай келеді.

     Өнертабыстар өнеркәсіптің:

      - химиялық;

      - металлургия;

      - экология;

      - құрылыс және құрылыс материалдары;

      - жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласына бағытталған.

     Авторлық құқық нысандарының салалары: Физика және физикалық зерттеулер,  жоғары математика, информатика және есептегіш техникалар мен тамақтану физиологиясы, химия және химия пәнін оқыту әдістемесі, кәсіпорын эканомикасы, дизайнерлік өнер, қазақ халықтарының әдебиеті мен тіл білімі, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы.        

     Қазақстанда 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін Республикалық «Шапағат» өнертапқыш сайысы бойынша университет өнертапқыштары 3 рет жеңімпаз атағына ие болды 2004 жылы  «Ең жас өнертапқыш», ал 2006 жыл «Белсенді өнертапқыш» атағына ие болды. 2009 жылғы 6- шы сайс қорытындысы бойынша № 20523 инновациалық патент «Қолдану күші ұзартылған минералды тыңайқыштар алу тәсілі» атты тақып бойынша «Жылдық өнертапқыш» атағымен марапаталды.