Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  Ғылыми Кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтарда №8 хаттама шешімімен құрылды.

Кафедра меңгерушісі

 Есеналиев Асхат Ералыұлы

 Заң ғылымдарының кандидаты

 Мекен-жайы: Шымкент қаласы,

Тауке-хан даңғылы 5, Бас ғимарат, 350 кабинет

Телефон: 8-7252-30-09-75

E-mail: askat_31.01@mail.ru

 


  •  
    Қызметкерлер тізімі

    Кафедра меңгерушісі

     Есеналиев Асхат Ералыұлы

     Заң ғылымдарының кандидаты

     Мекен-жайы: Шымкент қаласы,

    Тауке-хан даңғылы 5, Бас ғимарат, 350 кабинет

    Телефон: 8-7252-30-09-75

    E-mail: askat_31.01@mail.ru

    Құрманбаева Тұрсынкүл Лесбекқызы

    Кафедра меңгерушісінің орынбасары

    Е-mail: kafedra_ank@mail.ru

    Аблаев Серік Бикожаұлы

    Бас маман

    Саясаттану ғылымдарының магистрі

    Е-mail: Ablaev_1958@mail.ru

    Өтеева Камшат Құрманбайқызы

    Бас маман

    Саясаттану ғылымдарының магистрі

     Е-mail: Uteeva1985@mail.ru

    Маймакова Күнсая Ғаппарқызы

    Дінтану және гуманитарлық ғылымдар магистрі

    Бас маман

    Е-mail: kunsaya@outlook.com

    Төрегелдиева Эльвира Мәлікқызы

    Бас маман

    Заңтану ғылымдарының магистрі

    Е-mail: in-elvi@mail.ru

    Бажак Назира Пернешқызы

    Жоғары білікті маман

    Е-mail: nazira.monitoring@mail.ru

    Сакова Гулназира Жәлилханқызы

    Бас маман

    Е-mail: Gulia1981kz@list.ru

    Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы

    Жоғары білікті маман

    Тарих және гуманитарлық ғылымдарының магистрі

    Е-mail: nurbek_911010@mail.ru

    Спанқұлова Сагдат Сейтқазықызы

    Жоғары білікті маман

    Sagdat1959@mail.ru

    Әмірхан Ерхан Әшірханұлы

    Жоғары білікті маман

    Тарих және гуманитарлық ғылымдарының магистрі

    Үмбет Марал Абдімәлікқызы

    Жоғары білікті маман      

    Дінтану ғылымдарының магистрі

    Umbet-m@mail.ru

  •  
    Жаңалықтар

     

    «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау» атты видеоконференция

    2018 жылдың 13 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық ассоциациясының бірлескен кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісте Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау» атты үндеуі талқаланды.

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы онлайн режимде қатысты.

    «Біртұтас ұлт – іргесі ажырамайтын шаңырақ»

    2018 жылдың 11 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде     «Біртұтас ұлт – іргесі ажырамайтын шаңырақ» тақырыбында форум өткізілді. Форумды  Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

    Форумның мақсаты: Басқа ұлт өкілдерін құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдеп – ғұрыптарын және салт – дәстүрлерін сыйлау, басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру, сонымен қатар олармен жақсы қарым – қатынаста болу, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін жаңғырту мәселелері қарастырылған.

    Форумды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Қ.Бейсенбаев кіріспе сөзбен ашып берді.


    «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» аясында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық бірегейліктің негізі»

    15 наурыз 2018 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің конференц залында  «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» аясында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық бірегейліктің негізі» тақырыбындағы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

    Конференцияның мақсаты- қазіргі жастарға қазақ халқы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткергенмен өзінің тарихы және ұлттық құндылық негіздерін жоғалтқан жоқ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған 26 жылдың ішінде экономикасы қарқынды дамыған, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағдары айқындалған, өркениеттік демократиялық даму жолындағы жасампаз мемлекетті Елбасы Н.Назарбаевтың салихалы саясатының жемісі екенін жас ұрпақ бойына насихаттап қалыптастыру.

     2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау.


    «1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ»

    2018 жылы 28 ақпан күні сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Акт залында        «1 наурыз – Алғыс айту күніне»  арналған мерекелік  іс-шара өткізілді. Мерекелік  іс – шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

    Іс–шараның мақсаты – Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

    Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

    Іс–шараға облыстық Ассамблея хатшылығының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. Іс-шара барысында облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және университет мамандары ректордың алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараны  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры апаратының басшысы

    Д. С. Сабырханов кіріспе сөзбен ашты, сонымен бірге   «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының бас маманы С.Б.Аблаев Алғыс айту күніне тақырыптық баяндама жасады. «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрайымы Пак Роза Викторовна, Облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асанов Латипша  Каймаханұлы,   Облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Капар-Пур Нурсбек Курбанұлы сөз сөйлейді. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.


    2017 жылғы 14 желтоқсанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының мәжіліс залында «Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. 

    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында баяндай отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және желтоқсан оқиғасы арқылы талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді ұғындыру.


    Білім беру саласындағы медиация

    31 қаңтар 2018 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында  «Білім беру саласындағы медиация» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Семинардың мақсаты - жоғары оқу орнында медиацияның негізгі қағидалары мен бағыттарын, білім беру саласы медиаторларының жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.

    2017 жылғы 27 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының 312 аудиториясында «ДІН- «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ТҰҒЫРЛАРЫНЫҢ БІРІ» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді.
    Кездесуді ұйымдастырылу мақсаты. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді. Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін - Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қамтамассыз етуіміз керек екендігін студенттерге түсіндіріп өту.


    2017 жылғы 29 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының Акт залында Н.Ә.Назарбаев – ӘЛЕМДІК ҰЛЫ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді. Кездесуге облысымыздан  Жолдасов Нұрмахан Миятұлы
    «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиал төрағасының бірінші орынбасары.
    Халмурадов Розақұл Сатыбалдиевич
    Қоғам және мемлекет қайраткері, ОҚО құрметті азаматы.
    Мырзахметов Шалатай Мырзахметұлы
    Қоғам және мемлекет қайраткері, ОҚО құрметті азаматы.
    Қадірбаева Фатима Қадірбайқызы – Еңбек ардагері, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, Бүкілодақтық «Ленин комсомолы» сыйлығының лауреаты.
    Кездесуді ұйымдастырылу мақсаты. Бүгінде Қазақ елінің жаңғыруынан бастап,
    Елбасының мызғымас мемлекеттің жарқын үлгісі – «Мəңгілік Ел» құрудағы өлшеусіз тарихи еңбегі жайында және 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мерекеге айналуын жастарға түсіндіру.


    2017 жылғы 6 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының Конференц залында Мемлекеттік этносаясаттың қалыптасу жолдары және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізілді. Кездесуді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізді. 

    Кездесудің ұйымдастырылу мақсаты. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен, атқаратын жұмыстарымен танысу. Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету. Қазіргі таңда біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келе жатқандығымызды жастарға түсіндіру. 


    13-қазан 2017 жылы сағат 11:00 де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» тақырыбында форум өткізілді. Форумды  Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Форумның ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайы­рымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.

       

       

       

       


    2017 жылғы 21қыркүйекте М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл – «Мәңгілік Ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырда.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Елбасы бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу арқылы ұсыныстарын және нақты тапсырмаларын берген болатын. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

       

       

       


    2017 жылғы 16 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар,  ҚР-ның терроризмге және экстремизмге қарсы заңдарын түсіндіру, Қазақстанның қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы мағлұмат беру.
    Дөңгелек үстелге: Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері, облыс әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, дін істері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары,  облыс ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.

       

       

       

       


    Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 21 қыркүйек 2016 жылы ТІ және ЖС департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара болып өтті.

          


    «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан»

    2016 жылдың 12 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында  Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» атты  дөңгелек үстел өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жастарға еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді түсіндіру.

       

       


    «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий

    17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.

       

       


    «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел

    2016 жылдың 23-қараша күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің мақсаты: бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа демократиялық мемлекет ретінде танылды. Ауқымды игі істер Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу ел алдындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атқарған еңбектерінің жемісі. Тұңғыш Президент Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамдағы келісім мен бейбітшілікке аса көңіл бөлді. Бұл біздің маңызды құндылығымыз, біздің негізгі міндетіміз оларды сақтау және қорғау.
    Дөңгелек үстелге облысымыздың қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары, Президентіміз Н.Назарбаевтың курстасы қатысты. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтті.
    Университеттің ғалымдары, оқу ордамыздың студенттік ректоры, қоғамдық бірлестіктердің және ардагерлерлер Кеңесінің өкілдері баяндама жасады.

       

       

       

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының этноконфессияаралық келісім, саяси тұрақтылық, 
  • толеранттылық мәселелері бойынша саясатын жүзеге асыруды университет көлемінде насихаттау;
  • оқытушылар мен студент жастар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және
  • заңдарды түсіндіру;
  • университет жастары арасында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясының негізінде Қазақстан
  • халқының  бірлігін нығайту:
  • этносаралық және дінаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • университет ұжымында мемлекеттік және жалпы саяси мәні бар ресми мерекелерді өткізу;
  • түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық және теориялық конференциялар, семинарлар,  дөңгелек үстелдер,
  • лекторийлар өткізу;
  • университеттің  маңызды бағыттары бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
  • еліміздегі және әлемдегі орын алған саяси оқиғалар бойынша оқытушылар, тәлімгерлер және студенттер
  • арасында дәрістер жүргізу;
  • облыстық, қалалық, аудандық, ішкі саясат құрылымдары, облыстық Ассамблея, «Қоғамдық келісім»
  • коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дін істері басқармасы т.б ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу;
  • Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне арналған еңбектер, оқу құралдарын, кітапшалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу
  • бағдарламаларын т.б материалдарын  шығару;
  • университеттің құрылымдық бөлімдеріне кафедраның негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде лекциялар оқу,
  • кездесулер өткізу және басқада қызметтер көрсетіп отыру. 

 

Ғылыми жұмыстар

  1. Қазіргі заманғы дінтану негіздері
  2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
  3. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы
  4. Асанбай Асқаров –саяси қайраткер, ғалым,  жазушы
  5. Елбасы жолдаулары-Еліміздің даму өзегі
  6. Қазақстан халқы Ассамблеясы- еліміздегі этносаралық келісімнің кепілі
  7. Елбасы Жолдауы және « 100 нақты қадам-Ұлт жоспары» дағдарысты еңсеру мәселелері
  8. Қазақстан Республикасындағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  9. «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру
  10. 18 қазан -Қазақстандағы Рухани келісім күні.

 

Іс-шаралар

 

  1. «Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл – «Мәңгілік Ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, қыркүйек 2017ж.

  2. 18-қазан Рухани келісім күніне байланысты «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» тақырыбында форум өткізу, қазан 2017ж.

  3. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы құндылықтарының негіздері – бірлік, татулық, келісім тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, қараша 2017ж.

  4. «Дін- «Мәңгілік Ел» идеясы тұғырларының бірі» атты дөңгелек үстел ұйымдастыру Хиджаб мәселесі туралы студенттер арасында лекция-әңгіме өткізу. Қараша 2017ж.

  5. «Елі сүйген – елін сүйген Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кездесу өткізу, желтоқсан 2017ж.

  6. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан ызғары – Ұлт рухының биік белесі»  тақырыбында дөңгелек үстел. Желтоқсан 2017ж.

  7. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары тақырыбында факультеттер арасында семинар – лекторийлар өткізу, желтоқсан 2017ж.

  8. Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу, ақпан 2018ж.

  9. Барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастыратын «Алғыс айту күніне» арналған іс-шараға қатысу, наурыз 2018ж. 

  10. Жалпы ұлттық бірегейлікті нығайтудың негізгі факторлары және студенттер арасындағы бірлігі, наурыз 2018ж.