Оқу-әдістемелік басқарма

           Оқу-әдістемелік басқармасының қызметі жаңа, тиімді оқу процесін жасауға, сонымен қатар оқытушылардың оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарының шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған.

 
 Оқу-әдістемелік басқармасының директоры -
 Назарбекова Сауле Полатқызы,
 химия ғылымдарының докторы, профессор
 
 
 Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы,
 Шымкент қаласы, 160012, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
 мемлекеттік университеті, бас ғимарат, 216 каб.
 Телефон: 8-7252-21-19-71
 
 
► «Қазақстандық білім беру жүйесі білім бағдарламаларын аккредиттеу арқылы Еуропалық білім сапасына жету жолында»
Оқу-әдістемелік басқармасының негізгі атқаратын функциялары:
·        ОҚМУ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
·        сапа саласындағы міндеттері мен СМЖ талаптарын орындау;
·        Оқу-әдістемелік басқармасының сапа саласындағы мақсаттарын іске асыру;
·        Заманауи білім беру технологияларының негізінде оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігінің жоғарылауы, мемлекеттік стандарттар негізіндегі оқу процесін унификациялау мен стандарттау негізінде жоғары сапалы білім беру қызметінің дамуын қамтамасыздандыру;
·        Факультеттер мен кафедралардың оқу, әдістемелік, ұйымдастыру қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру;
·        университеттің оқу процесін басқару.
Оқу-әдістемелік басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшесіне қарайды және оқу ісі жөніндегі проректорға бағынады.

►Университет жетістіктері

 
Оқу-әдістемелік басқармасының құрылымы:
   

 

►Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі

 ►Әдістемелік бөлім

 ►Білім беру технологияларын инновациялық талдау бөлімі

 ►Нормативті құжаттарды әкімшіліктендіру бөлімі

 ►Аккредиттеу бөлімі

 ►Карьера бөлімі

     Оқу-әдістемелік басқармасы өз қызметін Оқу-әдістемелік басқармасы мәжілісінде қарастырылған, оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жылдық жоспар негізінде атқарады.
Оқу-әдістемелік басқармасы өз қызметінде ҚР «Білім туралы» заңын, «Жоғары оқу орындары қызметін ұйымдастыру ережелері», нұсқаулық құжаттары мен ҚР Білім және ғылым министрлігі коллегиясының шешімдерін, сонымен қатар университет Жарғысын және осы аталған ережені басшылыққа алады. Оқу-әдістемелік басқармасы құжаттары Оқу-әдістемелік басқармасы оқу-әдістемелік ұйымдастырудың негізгі теориялық және тәжірибелік аспектілерінің келесі бағыттары бойынша айқындалады:
   - жоспарлау, ұйымдастыру, оқу процесін басқару және оны бақылау;
   - оқу процесін оқу-әдістемемен қамтамасыздандыру;
   - факультеттердің, кафедралардың және бөлімшелердің оқу процесін ұйымдастыруды, техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыруды үйлестіру;
    - университетті инновациялық білім берумен қамтамасыздандыру;
   - университеттің бекітілген мамандықтары бойынша университет Ғылыми Кеңесінің шешімдері мен әдістемелік Кеңесінің ұсыныстарын жүзеге асыру;
   - білім беру қызметінің сапасын тексеру (ағымдағы бақылау, өтілген курстар мен тақырыптардың нәтижесін бақылау, бітірушілерді бақылау);
   - сыртқы байланыстарды орнату және дамыту.
Оқу-әдістемелік басқармасына университеттегі оқу процесін басқаруда жетекші орын беріледі.
 
 
  
 Оқу - әдістемелік басқарма директор орынбасары -
 Пернебеков Сакен Сәдібекұлы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент
 Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы,
 Шымкент қаласы, 160012, М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан
 мемлекеттік университеті, бас ғимарат, 216 каб.
 Телефон: 8-7252-21-19-71, 8-7252-21-05-93
 
 
 
 
Негізгі функциялар:
o    Оқу үрдісін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
o    Аккредиттеу жұмыстарын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
o    «Қолданбалы ғылымдар жоғары мектебімен» (Германия, Гамбург) мамандықтар бойынша (магистратура) қос диплом беру білім бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру: 1.«Master Environmental technology» – «Техника защиты окружающей среды» – «Қоршаған ортаны қорғау техникасы»; 2. «Master Food technology» – «Технология пищевых продуктов» – «Азық-түлік тағамдары технологиясы»;
o    РХДУ Желілі университеті аясында қос диплом беру (магистратура) білім бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру: 1. «Management» - «Менеджмент» - «Менеджмент»; 2. «Law» - «Юриспруденция» - «Заңтану»; 3. «Philology» - «Филология» - «Филология»;
o    Оқу үрдісіне ғылымды енгізу;
o    Оқу-ғылыми-өндірістік кешендер қызметін ұйымдастыру;
o    Оқу үрдісіне халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларды енгізу;

 

 
 Оқу - әдістемелік басқарма директор орынбасары –
 Нарманов Мырзабай Мырзалыұлы химия ғылымдарының
 кандидаты.
 Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы,
 Шымкент қаласы, 160012, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
 мемлекеттік университеті, бас ғимарат, 212 каб.
 Телефон: 8-7252-21-19-71, 8-7252-21-05-93
 
 
  
 
Негізгі функциялар:
o    Факультеттердің оқу-тәрбие жөніндегі комиссияларының жұмысын үйлестіру және бақылау;
o    Факультеттердің декан орынбасарлары және студенттік белсенділерімен бірлесе отырып оқу-тәрбие үрдісі бойынша проблемалар және оны талдау қызметін ұйымдастыру; 
o    Студенттерді гранттарға, Президенттік және атаулы шәкіртақыларға ұсыну бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру;
o    Оқытушылар мен студенттер арасындағы қатынас және кері байланысты қамтамасыз етуі:
1) университет басшылығының студенттермен кездесуін ұйымдастыру;
2) мамандықтар бойынша білім беру сапасының проблемалары туралы студенттер арасында әлеуметтік сауалнама және анкеталар жүргізу;
3) студенттер аудиториясын конкурстар, гранттар, атаулы шәкіртақылар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
4) тіркеушілер кеңсесінің тіркеушілерімен кездесу ұйымдастыру.