16 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

13 желтоқсан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны университеттің ректоры, профессор, ҚР ҰҒА Академигі, т.ғ.д. Ж.Ү.Мырхалықов ашты. Өз сөзінде келе жатқан Тәуелсіздік күні мейрамымен университеттің профессор-оқытушылар құрамын құттықтап, түрлі дәрежедегі  алғыс хаттармен, төс белгілермен марапаттады. Мерекелік іс-шара «Қоғамдық кәсіптер» факультетінің мамандарының ұйымдастыруымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.