Мұражай

►ОҚМУ қонақтары
►Ректорлар галереясы
       

         Мұражай университеттің рухани, ғылыми және білім беру бөлімі болып табылады.

         Мұражай студенттерді және бүткіл университет ұжымын рұхани, эстетикалық, этикалық, патриоттық тәрбиелеуде маңызды орын алады.

Мұражай ғылыми құжаттарды рәсімдеумен айналысады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

         Өңтүстік Қазақстан техникалық университетінің мұражайы ҚазХТИ қырық жылдық мерейтойы қүрметіне 1983 жылы ұйымдастырылған.

1998 жылы ОҚТУ мен ОҚГУ біріктіріліп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.

         Университет ректоры профессор У.Қ.Бишимбаев мұражайды толығымен уакыт талабына сәйкес стильде, өзіндік дизайнмен қайта қуруды ұсынды.

Жаңа мұражайдың дизайн-жобасын Қызылорда облысының бас архитекторы М.Сапрғалиев жасады.

         Ұсынылған эксозициялады ЖОО ұйымдастырылуы, бүгінгі тақтағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, М.О.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, Ректорлар алеясы, Оңтүстік Қазақстан археологиясы мен этнография, тарихи жылдар хроникасы жайлы ақпараттар ұсынылады.  

         Мұражайда 2005-2008 жыл аралықтарындағы «Үздік оқытушы», 2005 жылғы ең үздік ғылыми жобалар үшін мемлекеттік грант иегерлерінің суреттері мен ақпараттары бар бейнетақталар ілінген.

         Инновациялық жобаларға арналған жаңа бөлім ашылған.

Ақпараттар мен материалдардың басым бөлігі:

Қоршаған ортаны қорғау;

Математика;

Экономика;

Химиялық процесстер мен ақпараттар т.б. ғылыми салаларды қамтыған;

Бірнеше экспозициялар студенттер өмірінен: КВН, Қазақстан халықтарының кіші ассаблеясы, студенттік құріліс отрядтары, спорттық және ғылыми жетістіктер т.б. арналған.

         Бұл материалдарды студенттер мен оқытушылар әдіскерлік сағаттар өткізуде, конференцияларда: «ЖОО тарихы», «Университет түлектері», археология және этнография т.б. тақырыптар бойынша баяндамалар жасау барысында пайдаланады.

         Ашылған күннен бері (2003жыл) мұражайды ҚР көптеген қонақтары болды.

Олардың арасында: ҚР президенті Н.Назарбаев, М.Шаханов, Мұрат Әуезов, Г.Рудов, М.Өтбаев, Әбсаттар-қажы Дербісәлі, ҚР парламенті депутаттары, өткен жылдардың түлектері, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінен келген көптеген қонақтар және Иран, Испан, Үндістан, Франция, Украина т.б. елдердің елшілері т.б., ЖОО бай, қилы тарихы, мұражайдың ерекше көркемдік нақышы мен мазмұнына тамсана отырып, тамашалаған.

         Олардың қолтаңбалары «Құрметті қонақтар» кітабында қалдырған.