«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Рахматоллаұлымен кездесу

13 желтоқсан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Шымкент қаласының экс әкімі Ғ.Р.Абдірахымов мемлекеттік бағдармаларын жүзеге асырылу барысы жөнінде студент жастармен кездесті. Кездесу барысында жастардың көкейінде жүрген актуалды сұрақтар қойылып, партия хатшысынан жастар қанағаттанарлық жауап алды. Ғ.Р.Абдірахымов жастарға мотивациялық сөздер айтып, ақыл кеңесін берді. Кездесу соңында университеттің  Ғылыми Кеңесі шешімімен Ғ.Р.Абдірахымовқа М.Әуезов атындағы университетінің  Құрметті  профессоры атағы берілді.