Ө.А.Жолдасбеков атындағы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша қалалық олимпиада

Сипаттама

Ө.А.Жолдасбеков атындағы жаратылыстану-математикалық пәндер (математика, физика, биология) бойынша қалалық олимпиада бірінші рет 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді.

Оқу тіліне қарамастан олимпиада Шымкент қаласы барлық жалпы білім беретін мектептерінің, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары үшін ашық конкурстық іс-шара болып табылады.

Конкурс құрылтайшылары – Шымкент қалалық білім беру бөлімі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицей.

Олимпиада математика, физика, биология пәндерінен өткізіледі және 2 кезеңнен тұрады:

-         Теориялық кезең №9 лицей базасында өткізіледі, басталуы 31 сәуір, сағ.10-00, ұзақтығы – 3 сағ.

-         Тәжірибелік кезеңі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың №7 оқу ғимаратында, 2 сәуір, сағ.10-00,  ұзақтығы – 3 сағ.

-         Олимпиаданың ашылуы №9 лицейде 31 сәуір, сағ.9-00

-         Олимпиаданың жабылуы мен марапаттау М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимараты акт залында, 4 сәуір, сағ 15-00.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша әр пәннен анықталады.

Әр пәннен бірінші орын иегеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ грантының иегері сертификаты беріледі.

Start Date - End Date

Mar 28th, 2018 - Mar 28th, 2018

Start Time - End Time

1:45 pm - 1:45 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This