Облыстық айтыстан олжалы оралды

Айтыс – халқымыздың төл өнері. Қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, жыр додаларында жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болып жүрген болашағынан зор үміт күттіретін жас айтыскер ақындар біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде де аз емес.
Таяуда Алаш ардақтыларына арналған аламан айтыс облысымыздағы «Салт-дәстүр және әдеп-ғұрып» орталығында ұйымдастырылды. Белгілі айтыскер ақын К.Оралова, ақындар Б.Оразымбет мен А.Қалшабек әділқазылық еткен бұл облыстық жас ақындар айтысында факультетіміздің намысын қорғаған студентіміз Орынбек Ардақ жүлделі ІІ-орынды қанжығасына байлап, мерейімізді үстем етті. Сондай-ақ 9-шығармашылық тобының тыңдаушысы Базарбек Нұржанат арнайы жүлдені иеленді. Біз де талантты ақындарымыздың алдағы күнде де абырой биігінен  көрініп, төл өнеріміз – айтыстың нағыз ақтаңгеріне айналатынына шүбәсіз сенеміз.