Сапа менеджменті жүйесі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті Қазақстан Республикасында ЖОО-ның ішінде бесінші болып ХС ИСО 9001 талаптарына сай «Русский Регистр» және IQNet сертификаттарын алған. Университет барлық күштері мен мүмкіндіктерімен ИСО 9001 халықаралық стандарттары талаптарына сай, ықпалдастық базасында білім, ғылым және тұтынушылар талаптары негізінде сапа менеджмент жүйесін енгізу және әрқашанда жақсартуға бағыттайды. IQNet (аккредитацияланған 32 елде) сертификатың алған мекеме, Қауымдастық мүшесі болып табылса басқа елдерде қосымша тексерусіз сапа сертификаттарын алуға мүмкіндіктері бар. 2004 жылдың қараша айында ОҚМУ сапа менеджмент жүйесінің ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкестігі бойынша сертификаттаудан жақсы өтті. «Русский Регистр» сертификаттау Қауымдастығы бойынша «Русский Регистр» және IQNet сәйкестік сертификаттарына иеленді. 2007 жылдың қараша айында сапа менеджмент жүйесінің ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін растап қайталап ресертификациядан жақсы өтіп сертификаттар мерзімі 2011 жылына дейін ұзартылды.

2007,  2010, 2013 және 2017 жылдары сапа менеджмент жүйесі ресертификациядан жақсы өтіп, алынған сертификаттар мерзімі 2020 жылына дейін ұзартылды. Түзілген келісім-шарт негізінде 2017 жылдың желтоқсан айының 20-25 аралығында «Русский регистр» сертификаттауы Қауымдастығы бойынша университеттің әкімшілік және өндірістік құрылымдарында СМЖ-нің ХС ИСО 9001-2015 жаңа нұсқасының талаптарына сәйкестігін растау өз деңгейінде өткізілді және сертификаттардың жарамдылық мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.

Талдау нәтижелері бойынша, қайта басылып шығарылған және жаңадан әзірленген, ХС ИСО 9001-2015 жаңа нұсқасы аудит критерийлері бойынша СМЖ құжаттамасы талаптарына сәйкес деп танылды.