Сатаев Марат Исақұлы – М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры

Техника  ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА кореспондент-мүшесі

Сатаев Марат Исақұлы,1972 жылы туылған, ұлты - қазақ, үйленген, үш баласы бар. Білімі жоғары. 1994 жылы ҚазХТИ-ді «Химиялық өндірістердіңжәне құрылыс материалдары кәсіпорындарының машиналары мен аппараттары» мамнадығы бойынша бітірген.

25.36.00 геоэкология; 05.17.08  химиялық технология үдерістері мен аппараттары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты «Су мен газды ағындарды тазалаудың адсорбциялық және мембраналық әдістерімен қоршаған орта жағдайының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» диссертациясые 2006 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да қорғады.

 

Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары:

- 2001-2002 жылдары талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты

-  ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Әділет министрлігі Зияткерлік меншікті қорғау комитетінің, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның конкурстық комиссиясының 2004 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен өнертабыс саласындағы жетістіктердің Республикалық конкурсының  «Жылдың ең жас өнертапқышы» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

-  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 789 бұйрығымен 2006 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

- 2008 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

- 2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қазақстанның жас ғалымдарына арналған ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлықтың лауреаты.

«Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі“ республикалық ғылыми журналдың «Экология. Қоршаған ортаны қорғау. Табиғи ресурстарды иррационалды пайдалану» сериясы бойынша бас редакторының орынбасары.

Сатаев Марат Исакович техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған сегіз аспиранттың ғылыми кеңесшісі болды.

Сатаев М.И. 11.1994-11.1995 аралығында «Физикалық және коллоидты химия» кафедрасында стажер-зерттеуші болып жұмыс істеді,

12.1995 - 12.1998 жылдары «ХТҮА» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің аспиранты,

09.1999 - 08.2004 жылдары «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасының оқытушы, аға оқытушы,

 08.2004 - 08.2006 жылдары «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасының меңгерушісі,

08.2006 - 02.2011 жылдары «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі,

02.2011-09.2012 жылдар аралығында бастап «Технологиялық үдерістер мен аппараттар» кафедрасының меңгерушісі.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар  проректоры.

Ғылыми-зерттеу жұмысы жылжитын және жылжымайтын қатпарлы адсорберлердің тиімді конструкцияларын, мембраналық препараттарды әзірлеумен, оларды есептеудің ғылыми-негізделген әдістемесін жасаумен, ағын сулар мен газдарды терең тазалауға арналған жаңа жабдықты жасау және қолданыстағы жабдықты жаңғырту кезінде пайдаланылуы мүмкін конструктивтік және режимдік препараттарды тиімді таңдау жөнінде практикалық ұсынымдар берумен байланысты. Өңделетін материалды ұсақтау мен механикалық белсендіру үдерістерін үйлестірген диірмендер мен механикалық активаторлардың ғылыми негізделген конструкциялары жасалды.

 Сүйек қабығының табиғи және түрлендірілген сипаттамаларын кешенді зерттеу нәтижелері негізінде белсендірілген көмір алу үдерістері әзірленді. Техногенді жүктемені, гидродинамиканы және сұйық, газды және қатты фазалардағы массаның тасымалдануын, адсорбциялық және мембраналық тазалау әдістерін болжауды ескеретін су мен газды ағындарды тазалаудың экологиялық жүйелері мен үдерістерін кешенді моделдеудің әдіснамасы әзірленді.

Сатаев М.И. 207 ғылыми жұмыс жариялады. Оның ішінде Scopus и Thomson Reuters ақпараттық базасында 36 мақала, 10 монография және ғылыми жұмыстың нәтижесіне 64 алдын ала және инновациялық патент алған. Оның жетекшілігімен 6 қаржыландырған ғылыми-зерттеу жобалары іске асыруда.