Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімі

«...Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды».

Н.Назарбаев

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2017

Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді 

ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жетекшісі

Тукибаева Айнұр Сұлтанханқызы

 х.ғ.к.,доцент

Байланыс мәліметтері: ҚазақстанРеспубликасы,

Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-05-93

E-mail: ainur_tukibaeva@mail.ru

Бөлім қызметкерлері:

Бейсенова Гулжан Абдуллаханқызы

біліктілік деңгейі жоғары дәрежелі маман – филология магистрі.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы,

Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-05-93

E-mail: gulzhan185@mail.ru

Орынбекова Жадыра Абайқызы

біліктілік деңгейі жоғары дәрежелі маман

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы,

Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5,

М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-19-71

E-mail: orynbekova.z@mail.ru

Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімі М.Әуезов атындағы ОҚМУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің құрамында университеттің ректоры бұйрығымен 2012 жылы шілде айында құрылды.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • ағылшын тілінде оқылатын пәндердің сапасын ұйымдастырып қамтамасыз ету;
  • ағылшын тіліндегі оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша факультет, кафедра және басқа бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру және бағыттау;
  • университетте ағылшын тілінде оқу үдерісін ұйымдастыру және білім алушылардың контингенті бойынша есеп мәліметтерін дайындау және құжаттама жүргізу;
  • оқытушылардың ағылшын тіліндегі деңгейін анықтау үшін әңгімелесу ұйымдастыру және жүргізу;
  • білім алушылар мен оқытушылардың ағылшын тілін меңгеруін жақсарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.  

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  • ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту сапасын ұймдастыру және бақылау;  
  • ағылшын тіліндегі оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша факультет, кафедра және басқа бөлімшелердің жұмыстарын бағыттау;
  • оқытушылардың ағылшын тіліндегі деңгейін анықтау үшін университет оқытушыларымен әңгімелесуді жүргізу;
  • ағылшын тілінде пәндерді оқыту сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар ұймдастыру;
  • ОҚМУ-да үштілді білім беру мәселелері бойынша ҚР БжҒМ-не қажетті құжаттардың сапалы және өз уақытында орындалуын ұйымдастыру;
  • үштілді білім беру мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық құжаттардың орындалуын бақылау;
  • ағылшын тілінде пәндерді жүргізу бойынша университет оқытушыларына кеңес беру.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ағылшын тілінде білім беру 2004-2005 оқу жылынан бастап  жүргізіледі.

Ағымдағы оқу жылында ағылшын тілінде білім беру университеттің 9 факультетінде,  бакалавриаттың 25 мамандықтарында педагогикалық оқу жұмыс бағдарламасы бойынша,  инженер-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарында 3-4 курстарда 412 студенттен тұратын 44 арнайы ағылшын топтары құрылды. Шет тілінде білім беруді ұйымдастыру барысында  102 оқытушы-профессорлық құрамын кұрайды. Жалпы есеппен алғанда 174 пән ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер жалпы курстық пәндердің  48%-ын құрайды.          

2016-2017 оқу жылынан бастап «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 Қаулысына сәйкес университетте барлық мамандықтарда үш тілде білім беру енгізілді, яғни білім беру саласындағы жоспарлау мен ұйымдастырулар үш тілде жүзеге асырылады: оқу тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде. Оқу пәнінің 50% оқыту тілінде  (қазақ немесе орыс), 20 % оқу пәні – екінші тілде (орыс немесе қазақ), және 30 % ағылшын тілінде жүргізіледі.