«Студенттік алғашқы белес» - 2017

Таяуда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес -  2017» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті.
Кешті университетіміздің ОІ және АТ жөніндегі проректоры Қ.Байболов, факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы және ҚКФ деканы Абдрайымова Сабира ханым бастаған кеш қонақтары ашып берді. Аталған кешке факультеттің өнерлі өрендері: Қадубек Бақберді, Кажыбай Тілеубек, Орынбек Ардак, Минжасаров Санжар, Базаргулыев Бахбит, Бешимов Атаджан, Поповцева Елена, Куаныш Калима, Ходжаниязова Гульбахар,  «Дагдан» би ансамблі және «Интер-ФИС»  КВН командасы қатысып, әсерлі әндерімен, билерімен көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.
Әлемнің 11 мемлекеттен келіп біздің университетте білім алып жүрген студенттер мен тыңдаушылар өздерінің сыйластық пен достық қарым-қатынастарын сахна төрінде паш етті. Сан ұлт өкілдерінің басын қосқан бұл концерттің ерекшелігі – ұлтаралық татулықты дәріптеу, халықтар арасындағы достықты нығайту болып табылды. Осындай іс- шаралар көптеп өткізіліп, өнерлі жастарымыздың өрісін кеңейтіп, даңғыл жолға салып жіберуіне өлшеусіз үлес қосатындығына сеніміміз мол.