Университет жаңалықтары

«ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы»

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 26.12.2018ж.  күні  сағат 11.00-де бас ғимараттың конференц-залында  «ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы» тақырыбында  семинар-тренинг  өтті.  

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІНДЕГІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ауылшаруашылық кооперативтеріндегі агроөнеркәсіп кешені қызметінің нәтижелері: проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Бектенов О.А. Шымкент қаласына іс-сапармен келді

2018 жыл 20-шы желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Бектенов О.А. Шымкент қаласына іс-сапармен келді.Іс-сапар барысында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне келіп, "Студенттерге қызмет көрсету" орталығының жұмысымен танысты.

"Жайдарман-2018" Жыл чемпионы анықталды.

"Жарасым  маусым" деп аталған Жайдарманның он төртінші  жылдық ойыны да осы жылды толықтай қорытындылады. Маусымашардан басталған негізгі 5 лиганың барлығында ақтық ойындар өтіп, әр лигада осы жылдың чемпиондары анықталды. Жайдарманның ең негізгі лигасына айналған «Жоғары лига» 14 желтоқсан күні финалдық ойынды өткізді. Жылдың басында 20 топтың қатысуымен басталған бұл бәйгенің соңғы турына бабы мен бағы қатар жанған 5 команда қатысты. Ақтық кезеңге жолдама алған жұлдызды топтардың әрқайсының өзіндік әзілдеу стилі және өздерінің жанкүйерлері бар.

Инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін басты міндеттердің бірі - инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.  Инклюзивті  білім беру мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды  қолдау және  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың өзгелермен тең білім алу құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

«Антиплагиат» жүйесін пайдалану

2018 жылдың 10 желтоқсанында Білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету орталығы мен Компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы бірлесіп,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Антиплагиат» жүйесін пайдалану туралы семинар өткізді.

Жазбаша жұмыстардың түпнұсқалылығын анықтау үшін университетте StrikePlagiarism.com антиплагиат интернет-жүйесі қолданылады.

«Ұлы даланың жеті қыры»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында 2018 жылдың 7 желтоқсаны күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әскери кафедра офицерлері және оқу көмекші құрамымен кең көлемді талқылау өтті. Ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында әңгіме қозғалды.

Famelab

АҚ «Ғылым қоры»  «Шеврон»компаниясының  қолдауымен Британдық кеңеспен бірлесе отырып жас ғалымдардың халықаралық форматта « Famelab»  атты ұлттық конкурсын өткізуде. Бұл байқау ғылыми мүдделері  ірі конкурстардың бірі болып табылады және 20-дан астам Еуропа, Азия мен Африка елдерде жүргізіледі.

Конкурстың мақсаты: жас ғалымдардың жарқын және талантын ғылыми коммуникациясында дамыту, себебі өзінің ғылыми мүдделерін қоғаммен ағылшын тілінде дағдыландыру.

2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филип Мартинэ бастаған делегация келді.

2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филип Мартинэ бастаған делегация келді. Іс-шараға Франциядағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахинский, Франция Республикасының Ұлттық жиналысының Франция-Қазақстан достық тобының төрағасы Пьер Кабарэ, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің экономикалық кеңесшісі Николас Стюдер, Франция Республикасындағы Францияның Елшілігінің өкілдері Раушан Әшімбаева қатысты.

«Project management» – табысты идеяның жүзеге асуының аманаты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық тойлау шегінде, сонымен қатар академик Сулейменов Султан Ташірбайұлының 90 жылдық тойлауымен Кәсіби даму және әрекеттестік орталығы және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-мен бірлесе отырып «Project management»  тренинг-семинар өткізілді.

Беттер