Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультет жаңалықтары

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Қазақстанның тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай, желтоқсанның 14-і күні Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.  Мерекелік кеште 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткендігі және осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі дәріптелді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел

13.12.2018 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел болып өтті. ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы А.Жанбай Елбасы мақаласының маңыздылығын талқылап, бұл мақаланың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүйелі жалғасы саналатынын айтып өтті.

«Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы»

2018 жылдың желтоқсан айының 13-і күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Алаш  ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты шығармашылық кеш өтті.

Кешті дайындық орталығының басшысы профессор, т.ғ.д., С.Н.Әлібек ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ғылым-білімге қосқан еңбектері туралы кеңінен сөз қозғап, іс- шараны ашып берді.

Елбасы мақаласы талқыланды

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы мен колледж ұжымында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласыталқыланды.

Алғашқы сөзді колледж директоры, т.ғ.д., профессор С.Н. Әлібек алып,  мақаланың өзектілігіне кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ ол, Елбасымыздың бүгінгі мақаласынбілім ізденген жас буынға жете түсіндіріп, Еуразия даласындағы ата-бабаларымыздың жаһандық тарихтағы рөлін жас ұрпаққа байыппен жеткізуіміз заман талабы екендігін жеткізді.

Хантағы мұрасы – ұрпаққа аманат

Туған тарихыңды танып-білмей болашағыңды бағамдай алмайсың. Елбасымыз да «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», - деген болатын. Олай болса өлке тарихына терең үңіліп, ел аузында жүрген тарихи орындарды, көне мекендерді зерттеп – зерделеу маңызды іс деп білеміз. Біздің Оңтүстік өңірінде де мұндай аты аңызға айналған киелі мекендер аз емес.

Елбасы Жолдауы- ел ертеңінің кепілі

10.10 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушылары Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Жолдауын талқылады. Келелі кеңесті ашқан орталық басшысы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек  Жолдаудағы  қарқынды өзгерістер дәуіріне қадам басқан еліміздің алдағы жылдары атқаруға тиісті қадау-қадау 6 міндет-мақсаттарына толығырақ тоқталып өтті.  

Кітап әлеміне саяхат

2018 жылдың  мамыр айының 19-шы жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болып, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Тыңдаушылар кітапхананың барлық бөлімдерін аралап көріп, жаңа кітаптар мен, мерзімді басылымдар залындағы газет-журналдарды қызыға қарап шықты.

Өңір мұрағатымен танысып қайтты

Күні кеше, мамыр айының 18-і күні, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары аға оқытушы Ақбота Тургумбаеваның жетекшілігімен облыстық мемлекеттік мұрағатта болып қайтты. Шара барысында жастар РФ мемлекеттік архивінен алынған құжаттармен, сондай-ақ Сырдария округіне қатысты құжаттармен танысты. Әсіресе оларды Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ж.Аймауытов, өз өңірімізден шыққан С.Үсенов секілді тұлғалардың өмірінің беймәлім беттерінен сыр шертетін тарихи құжаттар қатты қызықтырды.

Көшпелі көрмені көріп қайтты

Жуырда біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап қайтты, шара барысында шетелдік қандастарымыз облысымыздың кешегі тарихы мен бүгінгі жетістіктерінен сыр шертетін экспонаттарды тамсана тамашалады.

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жуырда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық  факультеті  Отан қорғаушылар күні мен  9 мамыр –Жеңіс мерекесіне орай «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты Ауған соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен  кездесу  кеші өтті. Кешке  университетіміздің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Э.Тілеуов пен қаламыздағы Ауған соғысы ардагерлері қауымынаң төрғасы Қ.Оспанов,  орынбасары Б.Өтебаев пен ардагерлер және колледж студенттері мен факультет тыңдаушылары  қатысты.

Беттер