Тәуелсіздік – тұғырым

7.12.2017ж облыстық Ардагерлер үйінде Шетел студеттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастырылуымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік концерт өтті.
Өнерлі жастарды бастап барған факультет ағатәлімгер: А.Жанбай ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктерімізге тоқталды.
Мерекелік шара барысында Е.Сіләмғазы «Сарыбидай» әнін Ш.Іңірбай «Тәуелсіздікке тарту» толғауын орындаса, жас ақындар А.Мақсат пен  Б.Метербай тәуелсіздік туралы өз өлеңдерін оқыды. Айтыскер ақындар А.Орынбек пен Н. Базарбектің айтысы да көпшілік қауымның көңілінен шықты.
Кеш соңында мекеме басшылары мен ардагерлер қауымы талантты жастарға өз ризашылықтарын білдіріп, өнер әлеміне басқан алғашқы қадамдарының құтты болуына тілектестік білдірді.