Іс-тәжірибе және оқу-ғылыми өндірістік кешен бөлімі

Іс-тәжірибе және оқу-ғылыми өндірістік кешен бөлімінің жетекшісі

Қалдыбаев Алмаз Бахытұлы

Технологиялық машиналармен жабдықтар магистрі, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы

ОҚМУ, бас ғимарат,200\ каб.

Жұмыс телефоны: (7252) 30-01-40

e-mail: almich84@mail.ru

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • университетте кәсіби іс-тәжірибе мен ОҒӨК жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру;
  •  іс-тәжірибе мен ОҒӨК жұмысын қамтамасыз ету бойынша факультеттердің, кафедралардың және басқа бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • іс-тәжірибе мен ОҒӨК жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша есеп беру құжаттарын жүргізу және дайындау;
  • университет студенттерінің іс-тәжірибесін ұйымдастыру және жүргізу бойынша кафедра жұмысын тиімді реттеуді қамтамасыз ету;
  • мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен оқу процесінің графигіне сәйкес іс-тәжірибені жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
  • бітіруші кафедралармен бірге студенттердің іс-тәжірибе базасын анықтайды, кафедра студенттерін іс-тәжірибе базалары бойынша және олардың жетекшілерін бекіту туралы бұйрықтарды уақтылы дайындауды бақылайды;
  • кафедраларда іс-тәжірибе бойынша студенттердің есеп беру құжаттарын, іс-тәжірибе күнделігін, бағдарламаларын және жетекшілерінің есеп берулерін тексеру;
  • университет кафедраларының оқу-ғылыми-өндірістік-кешенінің іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау;
  • кәсіпорын алдында тұрған ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және өндірістік мәселелерді шешумен байланысты тақырыптарда студенттердің оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, курстық және дипломдық жобаларды (жұмысты) орындауды ұйымдастыру;
  • студенттерді болашақта жұмысқа орналастыру мүмкіншілігі бар іс-тәжірибе базаларымен келісім шарт жасау бойынша жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша университет қызметкерлеріне кеңес беру.

Бөлім қызметкерлері:

Маханбетов Әділет Жұмағалиұлы

жоғары дәрежелі білікті маманы

Жұмыс телефоны: (7252) 30-01-40

Айтөреева Жанат Жарылкасыновна

жоғары дәрежелі білікті маманы

Жұмыс телефоны: (7252) 30-01-40

Бөлім қызметкерлері жұмысының ережелері:

  • әр бір тұлғамен жеке қарым-қатынас жүргізу;
  • біліктілік;
  • жеке қызығушылық.

2016-2017 оқу жылында 5В010500 – Дефектология; 5В010300 – Педагогика және психология; 5В010400 – Бастапқы әскери дайындық; 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт; 5В011300 – Биология; 5В060700 – Биология; 5В010900 – Математика; 5В011000 – Физика; 5В011100 – Информатика; 5В011200 – Химия; 5В012000 – Кәсіптік оқыту; 5В060400 – Физика; 5В060200 – Информатика; 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу; 5В010600 – Музыкалық білім; 5В011400 – Тарих; 5В011600 – География; 5В020300 – Тарих; 5В030100 – Құқықтану; 5В030400 – Кеден ісі; 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 5В021019 – Шетел филологиясы: өзбек тілі; 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті; 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі; 5В021000 – Шетел филологиясы: ағылшын тілі; 5В020524 – Филология:орыс тілі; 5В120100 – Ветеринарлық медицина; 5В080100 – Агрономия; 5В080800 – Топырақтану және агрохимия; 5В080600 – Аграрлық техника және технология; 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және т.б. – мамандықтары бойынша университетіміздің – 14187.  студенті кәсіби іс-тәжірибеден өтті. Ағымдағы оқу жылдың 18 қаңтарынан бастап, бітіртуші кафедралар студенттері дипломалды іс-тәжірибеден,  педагогикалық және шығармашылық мамандық студенттері психо- педагогикалық және өндірісітік-педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.

Университет студенттері іс-тәжірибеден өтуге облыс аймақтарымен қатар, республикамыздың басқа облыстарына және жақын шет елдерге жіберілген. 

2016-2017 оқу жылында университет бойынша іс-тәжірибе базаларымен түзілген келісімшарттар саны – 719. Оның ішінде педагогикалық бағыттар бойынша – 187, техникалық – 389 және гуманитарлық бағыттар бойынша  – 143.