«Университет» газеті

«Университет» газетінің редакторы

Зорина Ольга Анатольевна

Мекенжайы: Шымкентқ., Тауке хан даңғылы, 5 263 бөлме

Байланыс телефон: 8 7252 300840

«Университет» газеті – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры мен газеттің редакциялық алқасының бекіткен Тұжырымдамасының негізінде құрылған университеттің арнайы басылымы.

Газет құрылған күннен бастап жарыққа шығып келеді.

Басылымның мақсаты мен міндеті: Қазақстан Республикасының ең маңызды және атаулы оқиғаларын, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мерекелік даталары мен арнайы жобаларын жариялау. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларына қолдау танытқан пікірлер басылым беттерінде жарық көріп тұрады. Биылғы оқу жылының басында газет бетінде маусым айында Астана қаласында ашылуы өткен EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің мақсаттары туралы кеңінен баяндалды.

Газетте үштілділікті және мәдени тәрбие мен білімді насихаттауға арналған айдарлар үздіксіз жарық көреді. 

Басылымның негізгі міндеті: тәрбие департаментінің жоспарына сәйкес кәсіби бағдарлық, тәрбиелік, мәдени және ағартушылық жұмыс жүргізу.

Басылымның дәстүрлі айдарлары: «Қазақстан», «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Мирас», «Тарих», «EXPO», «Академиялық ұтқырлық», «Біздің таланттар!», «Отбасылық құндылықтар», «Дәстүрлер», «Ғылыми портал», «Мәдениет»,   «Аты аңызға айналған тұлғалар», «Естелік», «Сыншы пікірі», «Үштілділік», «Кәсіби бағдар» және басқалар. 

«Университет» газеті ОҚМУ-дың ауқымды оқиғаларын бейнелеп қана қоймай, әртүрлі маңызды мәселелер жайлы эсселер мен мақалалар жариялап отырады. Сонымен қатар газет адамдық құндылықтарды, мәдениет пен ғылымды насихаттайды. Студенттердің шығармашылығын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстанның керемет әрі сырға толы жерлерін тануға арналған викториналар мен байқаулар да ұйымдастырылады.

«Университет» газеті «Уникальный Казахстан» (Алматы, редакторы Светлана Литвинова) сайтының «Болашақ Қазақстанның 50 есімі» республикалық байқауына белсенді қатысып отырады. Осы байқауда ОҚМУ-дың Кіші ғылым Академиясының 5 тәлім алушысы негізгі жеңімпаздар атанды. Олардың есімдері «Болашақ Қазақстанның 50 есімі» кітабына енді. Кітаптың тұсаукесері университетімізде және болашақ ғалымдар мектебінде салтанатты түрде өтті, ал жеңімпаздар келешекте еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге шақырылады.  Жас зерттеушілер мен ғалымдар туралы кітап елімізде тұңғыш рет жарық көрді. Қазір басылымның кезекті саны жарыққа шығуға дайындық үстінде. 

Келесі оқу жылында жаңа айдарлар ашу мен танымдық байқаулар ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл байқаулар мен викториналардың, газеттің негізгі мақсаты – патриотизмді, адамдық құндылықтарды және Қазақстан мен әлемнің тарихи мұраларын, мәдениетін  үгіттеу.