Жаңа логотип

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай жаңа логотипі дизайнының байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдығына орай жаңа Логотиптің жобасының дизайнының байқауын (ары қарай - байқау) университет басшылығы өткізеді.

1.2. Байқаудың мақсаты:

 - Ең үздік Логотипті алдағы уақытта университеттің таңбасы ретінде қабылдау.

1.3. Байқауға қатысушының университетке қатысы болмауы да мүмкін, кез-келген үміткер қатыса алады.

1.4. Байқауды бағалау және өткізу университет ректорының бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссия атқаратын болады.

1.5. Егер де, ұсынылған жұмыстардың біреуі де байқаудың талаптары мен критерийлеріне сәйкес келмесе, және де конкурстық комиссияны қанағаттандырмаса, комиссия мүшелері байқауды қайта жариялайды.

2. Логотип жобасын әзірлеуге талаптар

2.1. Логотип жобасын әзірлеуші авторға (авторларға) келесі ойды басшылыққа алуы қажет: университеттегі дәстүрлі ғылыми сабақтастықты, түсініктілікке ұмтылуды, айқындық пен түпнұсқалық ойды іске асыру.

2.2. Логотиптің эскизі алдағы уақытта әр-түрлі материалдарда, әр түрлі көлемдерде және техникаларда қолданылатыны есепке алынуы қажет.

2.4. Ұсынылған Логотип жобасын басқа ұйымдардың немесе мекемелердің эмблемалары/логотиптері (немесе олардың фрагменттері) көрініс тапса, байқауға қабылданбайды.  

3. Байқау жобаларын бағалаудың өлшемшарттары

3.1. Жұмысты әзірлеудің көркемдік деңгейі.

3.2. Университеттің атқаратын мақсаты мен міндетін көрсете білуі.

3.3. Жеңіл қабылдануы.

3.4. Бейненің лаконизм тәсілі.

3.5. Графикалық шешімнің өзіндік ерекшелігі.

3.6. Технологиялық және тираждаудың жеңілдігі.

3.7. Жасампаздық н/е креативтілік.

4. Байқаудың шарттары

4.1. Логотиптің жобасын ұсынушы автор (авторлар) байқауға қатысу туралы өтініш береді. Өтінішімен қоса А3 форматында логотиптің түрлі-түсті эскизі және электронды нұсқасы қоса беріледі. Егерде логотиптік жоба авторлық ұжыммен бірлесе жасалса, өтінішінде шығармашылық ұжымның әр-бір мүшесі жайында мағұлмат беріледі.

4.2. Ең үздік деп анықталған Логотип М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ресми логотипі етіп жарияланады, ал жеңімпазға қаржылай сыйақы тағайындалады.

4.3. Жеңімпаз деп танылған автор, тапсырыс берушілердің сұранысына байланысты байқауға ұсынған нұсқасын толыққанды аяқтай алады.

5. Байқау 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең: 04.06.2018 - 08.06.2018 - өтініштерді қабылдау.

2 кезең: 18.06.2018 - 22.06.2018 - байқауға жобаларды қабылдау.

3 кезең: 25.06.2018 - 28.06.2018 - сайтта дауыс беру.

4 кезең: 29.06.2018 - байқаудың финалдық бәсекесіне өткен қатысушылар арасынан жеңімпаз анықтау.

 

Байқау қорытындысы университеттің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланатын болады.

6. Жеңімпаздар үшін сыйақы қоры

6.1. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

6.2. Байқаудың үздік жеңімпазына арнайы диплом мен қаржылай сыйақы табысталады.

6.3. Үздік жеңімпаз логотип бойынша сыйақы – 100 000 тг

  • Байқауға өтініш берген қатысушы, автоматты түрде ЕРЕЖЕНІҢ барлық тармақтарымен танысып, келісімін берген болып есептеледі, және де комиссия шешімімен үздік танылған логотип алдағы уақытта университеттің ресми логотипі ретінде қолдануға құқылы. Жеңімпаз авторлық құқыққа ие бола алмайды.
  • Байқау аяқталуына бір апта қалғанда, ұсынылған жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылып, қоғамдық дауыс беру жүргізіледі. Дауыс беру қорытындысы комиссия мүшелерінің қортындысымен қосылу арқылы жеңімпаз анықталатын болады.