«Жас талант» - 2017

23.11.2017ж  күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да дәстүрлі факультетаралық «Жас талант» -2017 байқауы өз мәресіне жетті. Талантты студент жастардың өнер әлеміне барар жолдағы алғашқы баспалдағы іспетті бұл байқаудың берері мол. Өйткені мұндай сайыстарда топ жарған жас таланттар университетіміздің намысын облыстық, республикалық деңгейлердегі өнер сайыстарында қорғауға мүмкіндік алады.
Жалпы 4 кезеңнен тұратын осынау байқауға белсене қатысқан біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің өнерлі өрендері де жүлдесіз қалған жоқ.
«Дәстүрлі орындаушылық өнер» номинациясы бойынша Шұғыла Каден бас жүлдеге ие болса, «Сарыбидай» әнін әуелете шырқаған 10-шығармашылық тобының тыңдаушысы Елес Сіләмғазы І-орыннан көрінді.
Сондай-ақ факультетіміздің «Интер-ФИС" КТК командасы да І-орынды жеңіп алса, кеш жүргізушілері байқауында бақ сынаған студенттеріміз – Тілек Серік пен Серікхан Арайдың шеберліктерін әділқазылар алқасы да жоғары бағалап, бас жүлдеге лайық деп тапты. Біз де өнерлі жастарымызды осынау жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, өнер өлкесіндегі апар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын дегіміз келеді.