|
|
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты бізде қонақта
01.12.2009 16:58
|
30 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Берік Айдарбекұлы Бекжанов оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында депутат жиынға қатысушылардың көкейінде жүрген біраз сұрақтарға жауап берді.

Әсіресе білім саласына қатысты мәселелер, жас ғылымдарды дайындауға және оларға әлеуметтік қолдау жасауға қандай іс-шарлар жасалынып жатқандығы туралы, "Жол картасы" бағдарламасы туралы, студенттердің іс-тәжірибе өткізуге кейбір жеке шаруашылықтар қарсылық білдіріп қабылдмайтындығы, осыған орай қандай көмек болатындығы, шәкірт ақы мен оқтушылардың еңбек ақысы туралы т.б. сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді.
Депутат сондай-ақ, Елбасы саясатының, түрлі бағдарламалардың іске асу барысы туралы өз ойларымен бөлісті. Кездесу өте тартымды өтті.
|