ҚОС ҚУАНЫШ ТОҒЫСҚАН КҮН

Шілденің 2-сіне Астана қаласының туған күніне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері «Астана – бас қала» атты акция аясында автошеру өткізбек. Шымкент қаласының дендросаябағынан бастау алатын автошеру университеттің бас ғимаратына дейін жалғаспақ. Іс-шараның басты мақсаты - еліміздің бас қаласы саналатын Астананың татулық пен бірліктің, ынтымақтың бесігі екенін дәріптей түсу. 

Сонымен қатар осы күні университетімізді бітіруші түлектерге үздік дипломдар тапсыру рәсімін өткізу де жоспарлануда.