Конституцияның 15 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

            27.08.2010 жылы ОҚМУ акт залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына байланысты «Конституция- тәуелсіздік кепілі: бүгінгісі және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

            Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде облыстық, қалалық Прокуратура, Сот, Әділет басқармасы, Ішкі саясаттың құқықтық бөлімінен өкілдер қатысты. Аталмыш іс-шара барысында Ата заңымыздың гуманизмі мен басқа де ерекшеліктерін айқындайтын доцент Ғ.Қ.Маймақовтың «Конституциялық реформалар-еліміздің дамуының жаңа кезеңі», заң ғылымдарының кандидаты Ә.М.Оразалиеваның «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары-Конституцияның негізгі өзегі», профессор Н.Р.Мұсаеваның  «Конституцияның гуманистік сипаты» және  доцент Б.Ә.Алтаевтың «Конституция және еліміздің саяси жүйесінің дамуы» атты тақырыптарында  баяндамалар тыңдалды.   Кезекті баяндамалардан кейін Ата заңымыздың төңірегінде пікірлер айтылып, талқылаулар болды.

            Дөңгелек үстел соңында барлық факультеттерде Конституцияның маңызын талқылау жұмыстарын жүргізу керектігі басты назарға алынды.