
Мереке барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ең үздік ұстаздары мен студент жастарының салтанатты шеруі болды.

Университет ректоры арнайы шақырылған конақтармен бірге сахна төріне шақырылып, құттықтау сөзін сөйледі.

Университетте 87 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша 20 мыңға жуық студенттер білім алуда. Биылғы оқу жылында оқу орнымыз 2391 мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, республикамызда екінші орынды иеленді.

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде, түрлі салада қызметтер атқарып, Қазақстанның болашағының жарқын болуына үлес қосып жүрген оқу ордамыздың түлектері мерекенің қадірлі қонағы болып, бүгінгі студент жастарға өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.

Бірінші курс студенттеріне салтанатты түрде студенттік билет пен «білім кілті» тапсырылды.
Мерекелік іс- шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


