Университетте 20-23 сәуір аралығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жұмыс жасауда.
20 сәуір күні «Жас-маман» жәрменкесіне «Химия-технологиялық» (239 бітіруші), Құрылыс, машинажасау және көлік (294 бітіруші),

Ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және автоматтандырған жүйелер(196 бітіруші) факультеттерінің бітіруші түлектері қатысты. Аталмыш мамандықтар бойынша 100-ге жуық жұмыс беруші мекемелер шақырылды.
21сәуір күнгі «Жас-маман» жәрменкесіне «Агроөнеркәсіп» (440 бітіруші), Жеңіл және тамақ өнеркәсібі (294 бітіруші) факультеттерінің бітіруші түлектері қатысты. Аталмыш мамандықтар бойынша 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер шақырылды.

22 сәуір күнгі «Жас-маман» жәрменкесіне «Экономика және қаржы» (283 бітіруші), Заңтану және халықаралық қатынастар (229 бітіруші) факультеттерінің бітіруші түлектері қатысты. Аталмыш мамандықтар бойынша 60-қа жуық жұмыс беруші мекемелер шақырылды.

23сәуір күнгі «Жас-маман» жәрменкесіне «Филология » (134 бітіруші), Жаратылыстану-Педагогикалық (237 бітіруші), Спорт және туризм (193 бітіруші), Педагогика және мәдениет (198 бітіруші) факультеттерінің бітіруші түлектері қатысты. Аталмыш мамандықтар бойынша 80-ге жуық жұмыс беруші мекемелер шақырылды.