06.04.2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ Кәсіптік бағдар беру орталығы “Ашық есік күні” вебинарын онлайн режимінде ұйымдастырды.

     06.04.2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ Кәсіптік бағдар беру орталығы “Ашық есік күні” вебинарын онлайн режимінде ұйымдастырды. Онлайн кездесуге Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі және Политехникалық колледжінің бітіруші түлектері қатысты.Спикер ретінде Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры М.Ж.Айтуреев, “ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” кафедрасының меңгерушісі С.Т. Ахметова және “Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер” кафедрасының меңгерушісі Г.Е.Сахметова қатысып, университеттің білім беру бағдарламаларын таңдау, ҰБТ-ге өтініш беру ережелерімен таныстырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.