2021 жылы 7 сәуірде «Болашақты жасау» атты II Central Asia Nobel Fest фестивалінің ресми ашылуы өтті.

Болашақты жасау

II Central Asia Nobel Fest

    2021 жылы 7 сәуірде «Болашақты жасау» атты II Central Asia Nobel Fest фестивалінің ресми ашылуы өтті. Фестиваль - Орталық Азиядағы басты және ең ірі ғылыми іс-шара. Екінші фестивальдің тақырыбы үш негізгі сала бойынша технологиялар мен инновацияларға бағытталған: мүмкіндіктер экономикасы, болашақ индустриясы және EdTrends (білім беру үрдістері). Нобель фестивалінің ұйымдастырушысы - Инклюзивті Даму Қоры (Inclusive Development Foundation) және Auezov University.

   Биылғы жылы университет фестивальдің стратегиялық серіктесі ретінде әрекет етеді және де фестиваль аясында өзінің бірқатар ғылыми іс-шараларын, соның ішінде «Әуезов оқулары – 19: Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» атты дәстүрлі конференциясын өткізеді.

    Осындай ауқымды іс-шара – НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІНІҢ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ғылым мен технологиялар айында және Қазақстан ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткізіліп отырғандығы өте МАҢЫЗДЫ.