ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

      18-29 наурыз аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында стенд және оқ атудан рейтнигтік Әлем Кубогы өтті. Тартысты жарысқа әлемнің 53 елінен 300-ге жуық мерген спортшылар қатысты.

    Бүгін аталған жарыста «TRAP» жаттығуында әйелдер арасында командалық есепте 308 ұпаймен финалға шығып, додада күміс медаль иеленген команда мүшелері М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Сарсенкуль Рысбекова мен университет түлегі Дмитриенко Марияны университет басшылығы Шымкент қаласының әуежайында күтіп алып, жеңістерімен құттықтады.