Жатақхана

  •  
    1. М.Әуезов атындағы ОҚУ жатақханаларындағы ішкі тәртіп ЕРЕЖЕСІ

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттік жатақханаларындағы ішкі тәртіп

    ЕРЕЖЕСІ

     

    І.Жалпы ережелер

    1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің (ары қарай - М.Әуезов атындағы ОҚУ) жарғысына сәйкес күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге, магистранттарға беріледі;
    2. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенттік жатақханаларындағы орын тәртіп бойынша жазғы демалыстан бөлек бір оқу жылына беріледі.
    3. Студенттік жатақханаларының қолданысқа берілген ғимараттар, құрал-жабдықтар, дүние-мүліктер толықтай мемлекеттің меншігінде болып есептеледі;
    4. Жатақханада орын алар алдын, әрбір тұрғын жатақхана меңгерушісімен өзара жауапкершілік келісе отырып және төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:
    • Студенттік жатақханалары басқармасының бастығына жазылған өтініш;
    • Тиісті оку орнынан берілген жатақханада тұруга рұқсат ордері;
    • Жатақханада тұру үшін төлем ақысының түбіртегі;
    • Жеке куәлігінің көшірмесі;
    • Денсаулық жағдайы туралы 086У анықтамасы;
    • Мекен-жайы туралы анықтамасы;
    • 3х4 екі сурет.
    1. Жатақхана мүлігі әрбір тұрғынның жеке қолдануына беріледі. Мүліктің толыққанды сақталу жауапкершілігі алушыға жүктеледі.                                                                                      
    2. Барлық тұрғындар жатақханаға уақытша тіркеледі және жатақханаға кіру үшін рұқсат қағазы беріледі;
    3. Жатақханада тұратын барлық студенттер, магистранттар үшін жатақханаға кіріп-шығу үшін уақыты 7.00 ден 23.00 дейінгі аралықта бекітілген. 23.00 ден кейін жатақханаға кіруге және шығуға тыйым салынады;
    4. Қонақтар үшін жатақханаға кіру уақыты 12.00 ден 19.00 аралығында жүреді. Қонаққа келген және қонаққа шақырған жатақхана тұрғыны қонақтарды тіркеу журналына тіркеу үшін қауіпсіздік қызметінің кезекшісіне жеке куәлігін ұсынады. Қонақтардың ішкі тәртіп Ережесін сақтауына шақырушы толықтай жауапты болады;
    5. Студенттердің қал - жағдайын білуге келген ата-аналар арнайы ата-аналар бөлмесіне уақытша орналастырылады;
    6. Жатақхана меңгерушілері әрбір жатақхана тұрғынын жеқе қол хаты негізінде төмендегі ережелермен таныстырады: жатақханадағы Ішкі тәртіп Ережесі, Өрт қауіпсіздігі Ережесі, Электр құралдардын пайдалану Ережесі, Санитарлы Ережелер, Техника қауіпсіздігі Ережесі;
    7. Карантин кезінде жатақханаға кіріп-шығу уақыты Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бекітіледі.

     

    2. Студенттік жатақханаларда тұратын тұрғындардың құқықтары мен міндеттері

     

    2.1. Жатақхана тұрғындарының құқықтары:

    Ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып берілген бөлмеде тұруға;

                •Жатақханадағы дүние-мүлікті, құрал-жабдықтарды, оқу  және мәдени-тұрмыс

    орындарын (оқу залы, компьютер сыныбы, демалыс бөлмесі) пайдалануға;

    Жатақхананың Студенттік кеңес құрамын сайлау және құрамына сайлануға;

    Қазіргі заманға сай жөндеу жұмыстарын талап етуге немесе жиһаздардың және басқа да дүние-мүліктердің ауыстырылуын, сондай-ақ тұрмыстық қажеттіліктердің кемшіліктерін жоюға;

    Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры мен студенттік жатақханалары басқармасының бастығының рұқсатымен түнгі 23-00 -ге дейін мерекелік кештерді (би кештері, өнер сайыстары, жиналыстар және т.б.) өткізуге құқылы.

            2.2.Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

    Жатақханалардағы Ішкі тәртіп Ережесін, Өрт қауіпсіздігі  Ережесін, Электр құралдарын пайдалану Ережесін, Санитарлық Ережені, Техника қауіпсіздік Ережесін қатаң сақтауға;

    Жатақханаға кіретін кезде қауіпсіздік қызметінің ескертуінсіз рұқсат қағазын ашық түрде көрсетуге;   

    Жатақханалардағы   мемлекеттік   меншікті   сақтауға,   жатақхана   айналасындағы   жасыл желекті,   аймақты   тазалықта   ұстауға,   жылуды,   электр   қуатын   және   суды   үнемдеп пайдалануға;

    Бөлмеден  шығар кезде әйнек-терезелерді, есіктерді жауып, электр құралдары мен жарықты сөндіруге;

    Бөлмені және қоғамдық пайдалану орындарын таза ұстауға, бөлмелерде сабаққа кетер алдын күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізуге;

     Жатақхана меңгерушісіне бөлменің қосалқы кілтін тапсыруға;

     •  Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес өз тарапынан келтірілген материалдық шығынды өтеуге;

    Бөлмелердің және қоғамдық пайдалану орындарының жағдайын тексеріп келген басқарма қызметкерлеріне қарсылық тудырмауға;

    •  Жатақхана ішіндегі көршілермен татулықта болуға, бірін-бірі сыйлауға, бір-біріне жол беруге міндетті.

     

    2.3.  Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:

    Рұқсат қағазсыз кіріп-шығуға (тіпті қоқыс тастауға да);

    • Өз еркімен бір бөлмеден екіншісіне көшуге, дүние мүлікті бір орыннан екінші орынға ауыстыруға;  

    • Жиһаздарды, есіктерді, бөлме қабырғаларын және қабырғалардағы стендтерді, плакаттарды, кестелерді, хабарландыруларды және т.б. бүлдіруге;

    • Бөгде адамдарды өз бөлмесінде тұрғызуға, рұқсат қағазы мен бөлме кілтін бөгде адамға беруге;

    •  Есікті бұзып  кіруге,  құлыптарды бұзуға және ауыстыруға,  өз  бетінше жөндеуге және жиһаздарды қайта құрастыруға не болмаса қабырғалар тұрғызуға;

    • Студенттік жатақханаларда меңгерушінің келісімінсіз электр желілерді жөндеуге, жарық лампаларын ауыстыруға, қосымша электр қуатын тұтынатын құралдарды қосуға;

                •Бөлмеге түнеуге бөгде адамдарды қалдыруға;  

    • Жатақханаға мас күйінде келуге, есірткі пайдалануға жатақханада алкогольдік ішімдіктер ішуге және темекі шегуге;

    •  Берілген   бөлмені   коммерциялық   мақсатта   пайдалануға   (офис,   өндіріс,   сақтау, сауда орындары, қызмет көрсету және т.б.), жеке және мемлекет заттарын сатуға;

    •  Шу шығаруға және лайықты салауатты өмір салтына, оқуға, демалысқа кедергі жасауға. Дауысы бөлмеден тыс шығып кететіндей үнтаспаларды, радионы қосуға. Түнгі уақытта (23-00  ден-07-00  ге дейін) дыбыс шығаратын аппараттарды қосуға, ән салуға;

    •  Жатақханада үй жануарларын ұстауға;

    • Жатақхана шатырына шығуға, терезе алдында тұруға, отыруға және терезеден 

    кіріп-шығуға;

    •  Дәлелді себепсіз 2300- ден кейін жатақханаға кіруге немесе жатақханадан шығуға;

     • Бөлмелерде жылыту пештерін қолдануға;

     • Кез-келген типтегі қаруды алып жүруте және сақтауға;

    • Жатақхана тұрғындарына және қызмет етуші азаматтарға дөрекілік, зорлық көрсетуге, қорқытуға;

    Жатақханада өзге ұлт өкілдерінің студенттерімен қақтығысқа түсуге;

    •  Жатақханадан мемлекет иелігіндегі меншігін алып кетуге;

    Жатақханада лесбиянкалар, көгілдірлер, қызтекелер, еркекшоралар, жеңіл жүрісті студенттердің жатуына;

    Ата-ана күн сайын келіп студенттердің мазасын алуға, жатақханада қонуға.

     

    З.Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы.

    3.1. Жатақханадағы тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәдени-тұрмыстық, спорттық, салауатты өмір салтын жақсарту, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мақсатында жатақхана студенттері жатақхананың Студенттік кеңесін сайлайды. Студенттік кеңес студенттік жатақханалар басқармасы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті, Студенттік кәсіподақ ұйымымен бірге жатақхана тұрғындарының мүддесін қорғайды;

    3.2 Студенттік Кеңес - қабат, подъезд және секция старосталарының қызметін қадағалайды, өздігінше қызмет ету жұмыстарын ұйымдастырады, өз еркімен жатақхана тұрғындарын жатақханада және оның аумағындағы қоғамдық жұмыстарға қатыстырады;

         3.3 Студенттік Кеңестің студенттік жатақхана меңгерушілерімен келісе отырып   

         қабылдаған шешімі жатақханадағы барлық тұрғындарға міндетті болып табылады;

    3.4 Қабат, подъезд және секция старосталары Студентгік Кеңестің шешімімен тағайындалады. Старосталарға жатақхананың барлық бөлмелері мен қоғамдық пайдалану орындарында ішкі тәртіп Ережесінің сақталуын, санитарлық нормалардың орындалуын қадағалау және жатақхана өмірін жақсарту үшін мерекелік ойын - сауық өнер сайыстары, кездесулер, рухани - патриоттық іс-шаралар, жиналыстар және т.б. өткізу жүктеледі.

     

    4. Кезекші оқытушылардың құқықтары мен міндеттері.

    4.1. Студенттік жатақханаларда  факультет пен жоғары мектеп декандары, колледж директорының өкімімен бекітілген кезекші оқытушылар сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін кезекші қызметін атқаруы тиіс (Барлық бөлмелерді аралау, студенттердің тыныс-тіршілігімен танысу, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру);

    4.2. Кезекшілік кезінде келеңсіз, оқыс оқиғалар орын алған жағдайда факультет пен жоғары мектеп декандарына, колледж директорына, қауіпсіздік қызметіне, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментіне хабарлауы тиіс (мәліметтер жазбаша тіркелуі тиіс);

    4.3. Кезекшілікке түскен декандар, оқытушылар, қызметкерлер бұйрық, өкім бойынша бекітілген уақыттан бұрын ескертусіз кетіп қалған жағдайда,  себепсіз кешіккен  немесе келмей қалған жағдайда Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жариялауға құқылы.

     

    5. Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

    5.1.  Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері ауысым кезінде студенттік жатақханалардағы барлық студенттердің қауіпсіздігіне және тәртібіне тікелей жауапты (белгіленген тәртіп бойынша сырттан бөтен адамдарды кіргізбеу, әр тұрғынның құжатын тексеріп кіргізу, жатақхана тұрғындарын себепсіз сағат 23.00-ден кейін кіргізбеу және шығармау, жатақхана аумағында тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу);

    5.2. Студенттік жатақханаға түскен қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері тікелей Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментіне қарасты болады;

    5.3. Студенттік жатақханаға түскен қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері өзге қызметкерлермен және студент жастармен университеттің корпоративтік этика талаптарына сай қарым-қатынас орнатуы тиіс;

    5.4. Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері өзінің кезекшілік қызметін атқаруда өз жұмысына салғырттық танытқан жағдайда Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының ұсынысы бойынша реттік тәртіптік жаза қолданылады (жұмыс орнын қараусыз қалдырған жағдайда, құмар ойындар (карта, компьютерлік ойындар, видео ойындар) ойнаған жағдайда, бөтен адамдарды құжатсыз кіргізген жағдайда) және ол қызметкермен еңбек келісім-шарты бұзылып,  жұмыстан шығарылады.

    6. Марапаттау және тәртіптік жазалау

    6.1. Жатақханадағы студенттердің жағдайын жақсартуда өз үлесін қосқаны үшін Студенттік кеңес мүшелері және жатақхана тұрғындары студенттік жатақханалар басқармасы, факультеттер, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және Студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан төмендегідей марапатталады:

    -алғыс жариялау;

    -әр-түрлі сыйлықтармен және ақшалай марапаттау;

                    6.2. Аталған Ережелерді бұзғаны үшін жатақхана тұрғындарына төмендегідей тәртіптік   

          шаралар қолданылады:

    -сөгіс жариялау.

    -жатақханадан және оқудан шығару туралы ескерту.

                    6.3. Тәртіптік жазалау ректор, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің   

                директоры, студенттік жатақханалар басқармасының бастығы, жатақхана меңгерушісі    

                және Студенттік кәсіподақ ұйымының шешімімен беріледі.

     

    7. Іске асыру мерзімі

    7.1. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Студенттік жатақханаларындағы ішкі тәртіп Ережесі М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Ғылыми Кеңесінде талқыланып, университет ректоры бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.

     

  •  
    2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ жатақханаларындағы орындарды бөлу бойынша, университетте онлайн-портал құру туралы ақпарат

    М.Әуезов атындағы ОҚУ КЕАҚ жатақханаларындағы орындарды бөлу бойынша, университетте онлайн-портал құру туралы ақпарат

                                                                                                                                                                                 

         

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    25.11.2020 жылға

    Реттік нөмірі

    Нысанның атауы

    Орналасқан орны

    Жатақхана түрі

    Пайдалануға берілген жылы

    Жалпы алаңы, м2

    Тұрғын алаңы, м²

    Жоба бойынша орындар саны

    Жатақханада тұратын студенттердің саны, адам

    Жатақханада бос орындар саны, адам

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    1

    №1 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    С. Жандосов көшесі, 3

    секциялық

    1982

    5237,6

    2720,8

    390

    -

    390

    2

    №2 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    М.Дулати көшесі,198

    секциялық

    1976

    3880,5

    2223,2

    292

    -

    292

    3

    №3 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    Қ.Рысқұлбеков көшесі, 4

    дәліздік

    1965

    3532,8

    1986,3

    336

    -

    336

    4

    №4 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    Желтоқсан көшесі, 14

    дәліздік

    1969

    3595,9

    2334,1

    336

    -

    336

    5

    №5 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    М.Дулати көшесі, 198

    секциялық

    2015

    9398,0

    4179,7

    588

    171

    417

    6

    №6 студенттік жатақхана

    Шымкент қ.,

    Қ.Рысқұлбеков көшесі, 6

    дәліздік

    1965

    3585,0

    1986,2

    336

    -

    336

    Барлығы:

       

    29229,8

    15430,30

    2278

    171

    2107

             Бас инженер                                                                                                            М.Суранкулов